» » » СЫРДЫҢ СЫРШЫЛ АҚЫНЫ

СЫРДЫҢ СЫРШЫЛ АҚЫНЫ

Аудандық мәдениет үйінде ақын, сазгер және жырау Жарқынбек Тұрымбетовтің 50 жылдық мерейтойына арналған «Туған жер» атты шығармашылық кеші өтті.
Кештің ашылуында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы сөз сөйлеп, ақынның өмір жолы мен шығармашылық жетістіктеріне тоқталып, мерейтой иесін құттықтап, ауданның «Құрмет грамотасын» табыстап, сый-сияпат жасады.
Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен белгілі тұлғалар – «Парасат» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, жырау Алмас Алматов, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Рамазан Тайманов, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Елена Әбдіқалықова, ҚР білім беру саласының үздігі, мәдениет және білім саласының ардагері, ақын Талайлы Досымова арнайы келіп, ізгі тілектерін білдірді.
Жарқынбек Тұрымбетов – киелі Қармақшы ауданының тумасы. Атақты Сыр сүлейі Тұрымбет Салқынбайұлының немересі. Өнерге мектеп қабырғасында жүргенде келген. Білім алумен қатар аудандағы әуез мектебінің домбыра класынан аспапта ойнауды үйренсе, одан кейін өнерін шыңдай отырып жыраулық кластың мұғалімі Шәмшат Төлеповадан тәлім алады. Мектепті бітірген соң кенттегі «Жұлдыз» балабақшасында музыка жетекшісі болып алғашқы еңбек жолын бастаған. Кейін облыстағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық университетінің музыка факультетінде Алмас Алматовтың «Халық әні» кафедрасына оқуға түсіп, бітіріп шығады. Жас маман туған еліне келіп, Ш.Уәлиханов атындағы No26 орта мектепке әуез пәнінің мұғалімі болып орналасады. Көп ұзамай әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Әскерден келген соң кәсіби қызметін жалғастырып, 2000 жылдан бастап Тұрымбет жырау атындағы өнер мектебінің мұғалімі болып, осы саладан қол үзбейді. Жарқынбек бүгінде танымал өнер иесі, Сыр өңірінің жыраулық дәстүрін жалғастырушы. Отбасында 1 қыз, 3 ұл тәрбиелеп отырған үлгілі әке.
Өнер иесінің «Сүйіктім», «Бегімсұлу», «Әкеме», «Ұстазым», «Мектебім», «Апатайым» секілді танымал әндері мен «Желтоқсан», «Тойбастар», «Тұрымбеттің жыр күйі» күйлері халық арасында кеңінен таралған. Өлеңдері баспасөз беттерінде жарық көрген. Сондай-ақ жетістіктері де бір төбе. Облыстық «Жыр-терме» класы жетекшілері байқауының жүлдегері, облыстық «Наурыз шапағаты», «Сырдария – жыр дария», «Сыр сазгері» фестивальдерінің лауреаты атанып, кеудесіне төсбелгі таққан. Республикалық «Текті сөздің төресі – терме» байқауының «Үздік мақам» белгісі жүлдегері. Облыстық «Бард авторлық орындаушылар» байқауының бас жүлдесін жеңіп алған. Облыс, аудан әкімдерінің, облыстық мәдени басқармасының және аудандық мәдениет бөлімінің Алғыс хатымен, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Ал ұстаздан тәлім алған шәкірттері түрлі байқауда биіктен көрініп, ауданның мерейін үстем етуде.
Кеш барысында облыстық филармония жанындағы «Тұрмағамбет» атындағы халық аспаптары оркестрі және оның дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Мүсілім Балтабайұлы, «Тұран» триосы, республикаға белгілі жыраулар мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Күнсұлу Түрікпен, Әлішер Мырзағалиев, Руслан Өтегенов және Марат Сүгірбай өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Сондай-ақ, оның шәкірттері сахнада өнер көрсетіп, ұстаздарына деген алғысын білдірді. Кеш соңында Жарқынбек Тұрымбетов барша қатысушылар мен қонақтарға ризашылығын білдірді.
«ҚТ» ақпарат
05 қараша 2024 ж. 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 777

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 824

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031