» » » Шығармашылық кешін берді

Шығармашылық кешін берді

Өткен жұмада аудандық К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде Алдашбай ахун ауылдық клуб үйі «Ән» үйірмесінің белсенді мүшесі, ерекше жан Қайрат Кәрібозов «Өнеріммен өрге жүзем» атты жеке шығармашылық концертін өткізді.
Өнерпаздың кешін аудан тұрғындары, жерлестері мен өнерсүйер қауым, жастар, ардагерлер қатысып тамашалады.
Концерттің ашылу салтанатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Еркінбек Ерсұлтанов құттықтау сөз сөйлеп, өнер иесіне шығармашылық табыстар тіледі.
Кеш барысында Қайраттың орын­дауындағы көптеген ән талғамы жоғары көрерменнің көңілінен шығып, олардың қошеметіне бөленді.
Мәдени іс-шараға кеш иесінің өнердегі әріптестері де қолдау білдіріп, әннен шашу шашты. Ауданымыздың жас жыршысы Руслан Өтегенов сахна төрінде төгілтіп жыр жырлады. Іс-шараның қорытындысында концерт қонағы, еңбек ардагері Қуандық Бекбаев өнерпазға батасын беріп, ақ жол тіледі.
– Бұған дейін ауылда өнерімді паш етіп жүрмін. Енді азаматтардың қолдауымен аудан орталығында жеке концертімді өткізіп жатырмын. Барша келген қонақтар мен көрермендеріме алғысымды білдіремін, – дейді ол ризашылығын жеткізіп.
Өз тілшімізден
24 қыркүйек 2024 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930