» » » Болар баланың бетін қақпа, белін бу

Болар баланың бетін қақпа, белін бу

qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында өткізілген республикалық айтыстың аудандық кезеңінде аудандық білім бөліміне қарасты №28 мектептегі «Жаңа күн – Жаңа Қазақстан», «Көк тудың желбірегені» тақырыбы бойынша 14 мектептің жас ақындары бақ сынасты. Жеті жұптан құралған айтыс өнері тартысты да қызықты өтті.

Сол айтыста Төретам кенті №85 мектептің 10 сынып оқушысы Еркебұлан Жалғасбаев өзінің тапқырлығының, сөзге шешендігінің, суырып салмалығының арқасында финалға шығып, Құлмамбет айтысында топ жарып, бас жүлдені қанжығасына байлады. Назира Жакипова ұстазының баптауымен облыстық кезеңге жолдама алған Еркебұланға үлкен сенім артамыз. Мектебіміздің, қала берді аудан намысын қорғап, жүлделі орын, жетекшісіне межелі жетістік бұйырсын дейміз.
Мадина ЖЕТКЕРБАЙҚЫЗЫ,
№85 мектептің мұғалімі, Төретам кенті.
17 қазан 2023 ж. 869 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 122
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 706

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031