» » Жыр арқауы – ана тіл

Жыр арқауы – ана тіл

Төретам кентіндегі  қырық жылдық тарихы бар білім ордасы №85 мектепте «Тіл – татулық  тірегі» тақырыбында тіл мерекесіне орай айтыс өткізілді. Оны мектебіміздегі «Маржан сөз» айтыс орталығының жетекшісі Н.Жакипова ұйымдастырды.

Жас ақындар айтысына 5-6 сынып оқушылары қатыстырылды. Басты мақсаты – білім алушылардың тіл біліміне деген құрметін арттырып, тіл тазалығын сақтауға және айтулы мерейтой иегерлерін дәріптеу. Сонымен қатар кенжелеп қалған айтыс өнерін жаңғырту, оқушыларды суырып салмалыққа бейімдеу, есте сақтау қабілетін дамыту және сахналық мәдениетті меңгерту. Мұғалімнің алғы сөзінен соң айтыс тізгінін мектебіміздің жас ақыны Еркебұлан Жалғасбаев жүргізіп, көрермен көзайымына айналды.  

Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби-музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды саласының бірі, суырып салма ақындық өнерінің желісі. Мектепішілік айтыс  өте тартысты өтті. Қатысушылар өздерінің ұшқыр ойларымен көзге түсіп, І орынмен  5 «Б» сынып оқушылары Рамазан мен Жанерке марапатталды. Ал қазақ тіліне байланысты сарказм мен афоризмдерді тілге тиек еткендері үшін  5 «В» сынып оқушылары Әділет пен Жаншуақ ІІ орын иемденсе, ІІІ орынды 6 «В» сынып оқушылары Ұлпан мен Нұрислам қанжығасына байлады.

Баланың бәрі – бір-бір жұлдыз. Сондықтан да айтысқа қатысқан әрбір жұпты ынталандыру мақсатында, жігерлері мұқалмасын деген ниетпен Алғыс хат табысталды. Айтыс соңында Еркебұлан Жалғасбаевтың ақындық өнерге келу жолы, оның жеткен жетістіктерін стенд арқылы жас жеткіншектерге таныстырылды.

Қорыта келе, мектебімізде өткізілген айтыс өнерін одан әрі жандандыру, білім алушыларды шабыттандырып  қанаттарын серпе қағуға, ұлтымыздың тарихын кеңінен танытуға бірден-бір себеп, ол – ұстазы екені анық. «Ұстазы мықтының –  ұстанымы мықты» дегендей, ұстаздық жолындағы ізденістен шаршамайық және талантты шәкірттеріміз көп болсын.

Назира ЖАКИПОВА,
№85 орта мектептің мұғалімі,
Төретам кенті
19 қыркүйек 2023 ж. 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930