» » » "Дәстүрлі өнер сабақтастығы"

"Дәстүрлі өнер сабақтастығы"

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйіне қарасты "Қорқыт" қобыз үйірмесінің ұйымдастыруымен "ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР САБАҚТАСТЫҒЫ" тақырыбында үйірме шәкірттері арасында дәстүрлі интеллектуалды сайыс өткізілді.

Сайысқа "Көшеней жырау" үйірмесі, ""Базар жырау" үйірмесінің және "Қорқыт" қобыз үйірмесінің шәкірттері қатысты. Түрлі кезеңнің тапсырмаларынан мүдірмей өткен барлық қатысушы шәкірттерге арнайы диплом мен сыйлықтар табысталды. Қазақ халқының мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерліктері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне егжей-тегжейлі жеткен қазынасы дәстүрлі өнер.
Осы киелі де, қасиетті өнерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып жеткізу бәрімізге ортақ міндет. Сайысымыздың мақсаты үйірме шәкірттерінің бойындағы басқа да ашылмай жатқан таланттың көзін ашып, жан-жақтылыққа үйрету. Әр үйірмеге қатысатын оқушыларды топтастырып бір-бірімен сайыстыру арқылы араларындағы байланысты нығайту.
02 қазан 2023 ж. 615 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 016
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 243

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031