» » » Қармақшы ауданына 95 жыл: Ауданда Бақтияр Тайлақбаевтың "Гүлдер шақырады" атты шығармашылық кеші өтті

Қармақшы ауданына 95 жыл: Ауданда Бақтияр Тайлақбаевтың "Гүлдер шақырады" атты шығармашылық кеші өтті


qarmaqshy-tany.kz Аудан орталығындағы мәдениет үйінде Қарттар күні мен Қармақшы ауданының 95 жылдығына орай «Гүлдер шақырады» атты концерт өтті. Мерекелік шарада Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Бақтияр Тайлақбаев пен бірге Тахмина Әшімбекова, Өктем Алтаевтар өнер көрсетті.
Мерекелік шара барысында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы:

"Орыстың атақты ғалымы Потаниннің "Маған бүкіл қаза даласы ән салып тұрғандай көрінеді" деп тамсана айтқан сөзі халқымыздың даралығынан туса керек. Күллі қазақ жерін айтпағанның өзінде, Сыр топырағында талай дарынды тұлғалар дүниеге келген. Содан да болар, "Сыр елі –жыр елі" атануымыз. Қазақы қалпын сақтаған киелі жыр елі - ұлы ойшыл, абыз Қорқыттан қалған ұлы мұраның иесі екендігімен де мақтана алады. 1 қазан - Халықаралық Қарттар күні мен ғасырлар тоғысында тарихта таңбаланған Қармақшы ауданының 95 жылдық торқалы тойы аясында киелі топыраққа басқан қадамдарыңыз құтты болсын! Халықтың ыстық ықыласына бөленіп, өнер нәрімен сусындатып жүре беріңіздер! Өнер атты алып керуен көші - ұлт мәдениеті мен руханиятының туын төмен түсірмейтініне сенемін!"- деді.

Бақтияр Тайлақбаев қармақшылық көрермендерін ауданның 95 жылдығы мен халықаралық Қарттар күнімен құттықтады. «Ағаларым» әнінің орындаушысы алдыңғы буын ағаларымыздың асқан ерлігімен жеткен тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына тілектестігін білдірді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

02 қазан 2023 ж. 672 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 095

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930