» » » Суреттен ұқтым үзік сыр

Суреттен ұқтым үзік сыр

qarmaqshy-tany.kz Сурет – сөйлемейтін өмір. Кар­тинаның өн бойындағы суретші жеткізбек болған ойды ұғыну талайға бермес мүмкіндік. Мені әлі күнге тамсандыратын қазақтың би өнеріне біршама үлес қосқан Шара Жиенқұлова бейнеленген.
Бұл сурет – қазақы ұлттық нақышта киілген, ұлттық болмысты бойына сіңірген, қазақ қызының бейнесін көрсетеді. Сурет арқылы бүкіл бір ұлттың салт-дәстүрін, әдеп-ибасын, өмір сүру жағдаяттарын аңғаруға болады. Аталған сурет осы бейнені баяндап, тұтас білгендей. Бұл суретті Гүльфайрус Исмаилова 1958 жылы, 29 жасында салған. Туынды тік форматта, майлы бояумен кенепте салынған. Суретші бізге сұлулықты, өмірге құштар әйел образын көрсеткісі келген. Суретте орта жастағы әйел бейнеленгенін көруге болады. Қызға қырық үйден тыйым деп бекер айтпаса керек. Қазақ қыздары, жасөспірім кезінде шашбау тағып, ұзатылғанда сәукеле киіп, білезік, сақина, әр түрлі көркем тастармен көмкерілген қазақы қамзол, әдемі көйлек киетін болған. Суреттен Шара Жиенқұлованың ана екені, оның біршама іс бітіргенін көруге болады. Суретте көрініс тапқан биші қыздың-тек сыртқы бейнесі баяндалмайды, ішкі-жан дүниесінің сұлулығы қоса суреттелгендей.
Гүлнұр Алмасбекқызы
28 қараша 2022 ж. 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031