» » » ДӘСТҮРЛЕРІМІЗ – БЕРІК ҰСТЫНЫМЫЗ

ДӘСТҮРЛЕРІМІЗ – БЕРІК ҰСТЫНЫМЫЗ

Тәуелсіздік – кез келген елдің ең жоғары статусы болып саналады. Еліміздің өркендеп, өсуі, ғажап та көркем өлкеге айналуы осы тәуелсіздігіміздің арқасында екені баршаға мәлім. Әр адам өзін өз үйінде еркін сезінетіні секілді, әр ел өз жерінде өзін тәуелсіз сезінеді. Әр елдің өзіндік тілі, салт-дәстүрі мен діні қалыптасқан. Сол секілді біздің қазақ халқында да ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін асыл мұраларымыз бар.
Қазақ халқы өте текті халық. Бағзы заманнан барлық нәрсенің байыбына бара білген, өзінің келешек ұрпағына алыстан көре білетін даналық пен парасаттылықтың үлгісін көрсетіп кеткен. Мысалы, бізде жеті атаға дейін қыз алыспай, қан тазалығына аса қатты мән берген. Бұл дәстүр өзге елдердің ешбірінде кездеспейді. Қазақ елінің де басты ерекшелігі сонда. «Анасына қарап, қызын ал, аяғын көріп асын іш» дейді. Егер де қыздың анасы жақсы болса, қызы да жақсы болады деп есептеген. Әсіресе, «қазақ халқында қызға қырық үйден тыю» деп, қыздарымызды көп жағдайда әдептілік сақтауға, ешкімге ар-намысын таптатпауға, ибалы, инабатты болуға баулып отырған. Соның арқасында біздің қазақ қыздары бір отбасының ғана емес, күллі ұлт болмысының бейнесін жасай алған. Халқымыз ертеңгі елдің тұтқасын ұстар адал азаматтар мен ақылды қыздарды дүниеге әкелу арқылы қазақ деген ардақты атқа ешқашан кір келтірмеген. Парасаттылық  пен  ізгілікті бойына жинау арқылы биік шыңдарды бағындыруды көздеген. Кез келген істі ақылға салып шешкен. Балаға қандай тәрбие беру керек. Оны қалай өсіріп, жетілдіру керек. Бала туылған сәтте оған азан шақырып ат қою, қырқынан шығару, тілашар, сүндет той, мүшел жас, үйлену той осылардың әрқайсысының өзіндік мәні бар.
Қазіргі таңда тек бір нәрсені ұмытпағанымыз абзал. Егер біз өзге елдерге еліктеуді доғарып, өз еліміздің дәстүрін ұстанып, өз тілімізде сөйлеп, дінімізге берік болатын болсақ, біз алмайтын асу жоқ екені даусыз. Рухани жаңғыруда біз өз салт-дәстүрімізді сақтай отырып, оны заманға сай жаңғырта да, дамыта да білуіміз керек. Мен осылай түсінемін.
 
Айжан ТОҚШЫЛЫҚОВА.
25 желтоқсан 2017 ж. 2 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 477

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 549

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031