» » » Қорқыт күйін жинақтаған қаламгер

Қорқыт күйін жинақтаған қаламгер


2022 жылдың 30 маусымы күні Қорқыт ата мемориалды музейіне келушілерге Қорқыт ата мұрасын жинақтаушы Қазақстаннығ құрметті журналисі, "Қазақ радиосының үздігі" радио тілші, журналист А.Жанаевтың қолжазбалары, кітаптары, фотосуреттерінен көрме ұйымдастырылды.
Жанаев Ахат Әбжаппарұлы 1934 жылы 24 маусымда Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы 1 май колхозында дүниеге келген. Әкесі Әбжаппар Жанаев 1937 жылы ірі өндіріс орнын басқарып тұрған кезінде “Халық жауы” деген жаламен тұтқындалып, “Волголаг” лагерінің адам айтқысыз азабына төтеп бере алмай небары 39 жасында қайтыс болса, анасы Айткүл Кәрібайқызы да қуғын-сүргін салдарынан 40 жасқа жетпей өмірден өтеді. Ата-анадан ерте айрылған Ахат Жанаев өмірдің тауқымет тартып өседі. Нағашы әжесінің қамқорлығымен ел қатарына қосылған ол еңбек жолын 1952-53 жылдары Тереңөзек ауданы 1 май мектебінде пионер вожатый болып бастаған. 1953 жылы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетінің студенті атанып, оны 1957 жылы тәмамдайды. Онан соң Тереңөзек ауданындағы Калинин атындағы №35 орта мектепте мұғалім болып еңбек етті. Мұғалім болып жүрген кезінде сол кездегі облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, хатшысы болып қызмет атқарған Дәуірхан Айдаров деген азамат Ахат ағаны облыстық радиоға қызметке шақырады.
1967 жылы қазақ радиосының Сыр өңіріндегі меншікті тілшісі болып, 30 жылға жуық жемісті еңбек етеді. Ахат Жанаев осынау жылдар аралығында аймағымыздың арғы-бергі тарихын, мұрасын, жыраулық, күйшілік, шайырлық өнерін күллі түркі әлеміне кеңінен насихаттап, Сыр өңірінің мәдениеті мен руханиятының дамуына сүбелі үлес қосқан азамат. Мәселен, ол ұлы сазгер Қорқыт атаны араға 10 ғасыр уақыт салып қайта тіріліткен, тірілтіп ғана қоймай, күллі түркі әлемімен қайта қауыштырған, 12 күйін үнтаспаға түсіріп, айналымға қосқан бірден бір журналист. Сондай-ақ, журналист Жанаевтың 1975 жылы қызылордалық қарт қобызшы Сымайыл Шәменұлының орындауында (лақап аты Соқыр Нышан) әлгі 12 күйді жазып алып, Ұлттық академияға табыс еткенін біреу білсе, біреу білмейді.
Облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы шығарған “Қайталанбас дауыстар”, “Мирас” музыкалық антологиясына бұл кісінің 40-50 жыл бойы жинастырған үнтаспалары, дауыстары енгізілсе, көп дүниесі Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы. Олардың барлығы да баға жетпес қазына, аса құнды жәдігер десек жарасады.
Сонымен бірге қарт қаламгердің облысымыздағы музейлерді көне жәдігерлермен толықтырудағы еңбегі де ерекше. Атап айтқанда, Қорқыт ата музейіне Қорқыт баба күйлері жазылып алынған Р-7 репортері мен жазу машинкасын тағы да басқа заттар тапсырған, олар бүгін музей экспозициясы қатарын толықтырып, мазмұнын арттыруда.
Ахат Жанаев радиотілші ғана емес, сонымен бірге ол “Бұқарбай батыр”, “Алмас тілді ағалар”, “Беркінбай әулие: аңыз бен ақиқат” тағы басқа бірқатар кітаптардың авторы.

30 маусым 2022 ж. 781 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031