» » » Мерейді өсірген марапаттар

Мерейді өсірген марапаттар

10 тамыз – Абай күніне орай Жаңақорған ауданында «Абай әлемі» атты ардагерлердің облыстық онлайн фестивалі өткен болатын. Сол фестивальға «Қармақшының Хасанғалиеві» атанған мәдениет майталманы Ордабай Төребаев қатысты.
Елдің рухани бірлігін нығайту, Абай шығармаларын насихаттау бағытында ұйымдастырылған фестивальге қатысқан ардагер-әнші бірінші бөлімде Абай әндерінен попури орындаса, екінші бөлімде халық әні «Дедімай-ауды» шырқады. Ерекше дауысымен таңқалдырған ол үздік өнер көрсеткені үшін арнайы диплом мен домбыра сыйға алды.
Еңбегінің зейнетін көріп отырған мәдениет саласының ардагері алдағы уақытта да осындай байқаулардан шет қалмай, аудан, ардагерлер мерейін асыра береріне сенім мол.

Жүз жыраудың Отаны екеніміз әмбеге аян. Біздің өлкенің талантты ұл-қыздары жыраулар байқауынан орын алмай қалуы мүмкін емес. Облыстық «Сыр дарыны» жастар шығармашылығы байқауына Қармақшы аудандық К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің «Ешнияз сал» үйірмесінің жетекшісі Бүркітбай Ақсұңқар қатысып І дәрежелі дипломмен, «Жиенбай жырау» үйірмесінің шәкірті Шұғыла Мархабатова қатысып, ІІ орынмен марапатталды.
Шын дарындарды анықтаған сыр дарынының жеңімпаздары жасай берсін.

Бірер күн бұрын Қызылорда қаласында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Мерейлі отбасы – 2021» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.
Марапат төрінен біздің жерлестеріміз де көрінді.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының ІІ орынына Қызылтам ауылының тұрғындары Қартабаевтар отбасы лайық деп танылып, арнайы дипломмен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Халықаралық "Бала шабыты" байқау жобасына Сәния Молдабаева жетекшілік ететін аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған "Айқаракөз" би тобы қатысып байқаудың әр жанры бойынша Гран при жүлделерін еншіледі. "Айқаракөз" би үйірмесінің мүшелері қай кезде де халықаралық, республикалық, облыстық сайыстардан жүлдесіз қайтқан емес. Бүгін де мықтылықтарын басқаларға дәлелдеп, қатарластарынан оза шапты. Бүлдіршіндерді жеңістерімен құттықтап, өнерлерің өрге жүсін деген тілегімізді білдіреміз.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА















14 тамыз 2021 ж. 1 324 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930