» » » Талантымен топ жарған

Талантымен топ жарған



Осыдан бірнеше ай бұрын ІІІ Интернационал ауылында «Абай Дәулет», «Достық Жер МК» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаевтың демеушілігімен «Біз таланттарды іздейміз» атты байқау ұйымдастырылған еді. Аядай ауылдан түрлі талант иелерін шығарған дода күні бүгінге дейін ел аузында. Сол бәйгенің бас жүлдесіне тігілген құны 800 000 теңге тұратын «Айфон» маркалы телефонын фортепионо құлағында еркін ойнаған Әлтаев Оспан Сәкенұлы жеңіп алған-ды. Дәл сол сәтте қуанышты әсерімен бөлісе алмасақ та жақында Оспанмен тілдесудің жолы түсті.
Ол ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны. Қазанғап атындағы музыкалық колледждің ІV курс студенті. Музыкалық мектепке 8 жасынан барған.
– Көпке дейін фортепиононы үйрену түсініксіз болды, уақыт өте келе қызығушылығым арттып, 8 жыл оқыдым. Кейін мамандық ретінде меңгеруге бел шештім. Бұл аспап жайлы айтсам 88 түрлі ақ және қара дыбыс, басқыштан тұрады. Мектеп кезінде сайыстарға, іс-шараларға белсене атсалыстым, аудандық конкурстан сан мәрте орын алған кезім бар. Ауылда өткен конкурс жайлы айтатын болсам, қатысам деушілер тым көп болды. Содан кейін ойланып жүрдім. Өнерімді шыңдауыма ата-анаммен бірге ұстаздарым Мархаббат Таңатарова, Пак Инна, Елена Топорченконың еңбегі зор. Олар үнемі бағыт-бағдар беріп, алға қарай талпындырып отырады. Сахнада өнер көрсетуім үшін үйдегі пианиноны туған-туыс пен көршілерім жиналып, 10-нан аса адам көтеріп, ауылдық мәдениет үйіне алып барды. Ол да менің өнеріме деген үлкен қолдау болатын. 60-қа жуық талапкерден 10 адам ғана екінші турға іріктеліп шықтық. Бірінші кезеңде Бетховеннің «Лунная сонатасын», финалда Ф.Шуберттің «Экспромтын», С.Прокофьевтің «Этюд До минорын» орындадым. Бас жүлде алғанымда өзіме деген сенім одан сайын арта түскендей болды, – дейді ол ағынан жарылып.
Оспан жақында Ресейдің Мәскеу қаласында халықаралық конкурста ІІ орынға ие болған. Бұл талантты жасты одан сайын шабыттандырған сыңайлы. «Маған әр кезде бәсекелескен ұнайды» дейді өз сөзінде.
Репертуарында қаншама шығарма бар. Аспапқа отырғанда барлығын ұмытып, өзге бір әлемге кіргендей сезімде болады. Томаға тұйық, салмақты. Ер жігіттің көп сөйлеп, жеңіл мінез көрсеткенін қаламайды. Талантты жастың достары да көп. Биыл 18 жасқа толып мәжіліс, мәслихат депутаттарын сайлауында алғаш рет, ең бірінші болып дауыс беруге қатысқан. Бұл қуанышы «Ең жас сайлаушы» ретінде телеарнаға, бірнеше газет бетіне шығып та үлгерді.
Оспанның алар асуы әлі алда екеніне сенім мол. Біз оның өнер өлкесіне бастаған қадамына қазыналы жол тілейміз.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
17 шілде 2021 ж. 1 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 176

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 298

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930