» » » Таланттарымыз - экран төрінде

Таланттарымыз - экран төрінде


Елде жарияланған төтенше жағдайға орай барлық жерде іс-шаралар уақытша тоқтатылып, мәдениет үйлері көрерменсіз қалған болатын. Мерекелі мамыр айының берекелі тойлары көп еді. Дегенмен аты жаман індеттің өршімеуі үшін талапқа бағынуға мәжбүрміз. Қазіргі уақытта елдегі жағдайға қарамастан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұршат Наурызбаеваның басшылығымен мәдениет қызметкерлері әлеуметтік желіде белсенді жұмыс істеуде. Оған өзіміз де куәміз. Олар індеттен үрейленіп, жаны жабырқаған халықтың көңілін көтеру үшін барын салуда. Ауданда да мереке күндері мәдениет, өнер ордаларының ұйымдастыруымен көптеген онлайн шара өткізілді. Бір парасына тоқталып өтсек.

Әлеуметтік желіде белсенділік танытып, халықты өнерімен сусындатып жүрген жандар мереке күндері тіпті аянып қалмады. Аудандық мәдениет үйінің парақшасында таңмен таласа игі жақсылардың «Таңғы тілегімен» күніміз атқалы да біраз уақыт болды. Аудан ардагерлерінің алғаусыз ақ тілегі көптің көңілін марқайтқаны рас. «Ғасырдың өнер шебері», жырау Ш.Төлепованың 90 жылдығына орай республикалық қыз-келіншектердің фестивалі де осы уақытқа жоспарланған еді. Қазіргі ахуалға сай ол да онлайн түрде өткізілді.
Сондай-ақ, Отан қорғаушылар күніне арналған онлайн-концерт, «Ел тілегі сарбаздар» атты виртуальды көрме, «Бейбіт күннің батырлары» атты бейнесюжет те мереке қарсаңында ел назарына ұсынылды. Бұрындары сахна төрінен көрінетін өнерпаздар, бүгінде экран төрінде тыңдарман қошеметіне бөленуде.
Ал биылғы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы тіпті ерекше өтуге тиіс еді. Бұл күн – ел жадында мәңгілік қалатын тарихи мереке. Әсіресе, соғыста алдыңғы сапта болған батырлар мен тылда жүріп ерлік көрсеткен ардагерлер үшін ерекше күн. Бұл орайда мерекелік іс-шараның орны бөлек. Жылына бір келетін осыбір мерейлі мерекені көпшілік ерекше күтетіні рас. Айтулы күнде ардагерлер ұлықталып, халық болып Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған ерлердің рухына тағзым етілетін. Елдегі төтенше жағдайға орай ардагерлерге карантиндік ережеге сай құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табыс етілді. «Мен батырдың ұрпағымын» тақырыбындағы челлендж де өте қарқынды белең алды. Оған үлкен де, кіші де өзіндік үлесін қосты. Майдангерін мақтан еткен елдің бүгінгі ұрпақтары облыс әкімінің бастамасымен ашылған «Жасампаз жасақ» акциясына осылайша үн қосты. Онлайн шараға аудандағы барлық мәдениет үйі мен клуб мүшелері тыңғылықты дайындалған. Халықаралық патриоттық әндер байқауының лауреаты Ордабай Төребаев «Жеңіс таңы» атты шығармашылық онлайн-концерт берсе, Ақай, Дүр Оңғар, Ақтөбе, Қармақшы ауылы ақындары онлайн түрде жырдан шашу шашып, «Жеңіске құрмет» атты онлайн-спектакль де көрерменге жол тартты. Жеңіс мерекесіне арналған шаралар мұнымен шектелмек емес. К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің өнерпаздары да ұлы күнге ерекше көрік берді. «Жаралы жырлар жаңғырығы» атты онлайн жыр фестивалінде ЖОО студенттері мен жас жыршылар халықты дәстүрлі өнермен сусындатты. Сондай-ақ, «Сағынышты майданнан елге сәлем» тақырыбымен жерлес ақын-жыраулардың елге жазған өлеңдерін аудан жыршылары нақышына келтіре отырып, көрермен назарына ұсынды. «Ер есімі – ел есінде» атты онлайн лекцияда да көптеген тың мәліметтер беріліп, тыңдарман танымын кеңейтті.
Мұндай ұлы күнде аудандағы өзге мекемелер де тартынып қалмаған. Атап айтсақ, аудандық архив мекемесінің ұйымдастыруымен «Сыр елінің қаһармандары – архив құжаттарында» атты онлайн көрме өткізілсе, мерекеге орай виртуалды кітап көрмелері де ұйымдастырылған. Сонымен қатар Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебі «Еңсесі биік – Ұлы жеңіс» атты онлайн концерт дайындаған.
Аталған шаралардан бөлек, Ұлы Жеңіс күніне арналған байқаулар да өз мәресіне жетті. Аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық ішкі саясат бөлімі, «Қармақшы жастары» жастар қоғамдық бірлестігі мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырумен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы жеңіс» атты облыстық онлайн жазба ақындар айтысы өткізілген болатын. Айтулы шараға Қазалы, Шиелі, Сырдария, Қармақшы аудандарынан және Қызылорда қаласынан жыр жүйріктері қатысып, 4 күн бойы Facebook желісінде халықтың көкейіндегі ойды дөп басып, елдегі жағдайды жалынды жырларымен жүрекке жеткізді. Таланттарға елге белгілі Серік Ыдырысов, Берік Саймағанбетов, Арнұр Көшеней секілді өнер тарландары қазылық етіп, өз бағасын берді. Қорытынды бойынша жерлесіміз Сырым Әділбеков бас жүлдеге лайық деп танылды.
Осы бағытта ұйымдастырылған тағы бір шара – «Жеңіске рух берген әндер» атты әскери-патриоттық әндерді орындаушылардың аудандық онлайн байқауы. Рухты әндерді шарықтата шырқаған қатысушыларға аудандық әуез мектебінің мұғалімі Нағашыбек Бижанов, әуесқой сазгер, аудандық мәдениет үйі жанындагы МДК меңгерушісі М.Бағатов және "Қармақшы Жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Кішкентаева төрелік етіп, жеңіс туын байқоңырлық Ләйла Байғараға табыстады. Екі байқаудың қатысушылары аудандық ішкі саясат бөлімінің арнайы дипломы мен қаржылай сыйлыққа ие болды.
Айтулы күнге үлес қосып, майдангерін ардақтағандар легі мұнымен де тоқтамақ емес. Онлайн форматтағы түрлі құттықтау мен концерттік шаралар дайындауда барлық мектеп пен балабақша да өз үлесін қосты. Мұндай жұмыстардың жоғары деңгейде жүргізілгенін әлеуметтік желіге назар салсаңыз аңғарасыз. Ерекше тойланған ерлік мерекесі көптің көңілінде сақталары хақ.
Карантиннің көлеңкелі тұсы көп болғанымен, біле білгенге келелі тұсы да баршылық. Оған онлайн байқаудың арқасында ел арасындағы өнерлі өрендердің бой көтергені, бұрын есімі беймәлім таланттың жарыққа шыққаны айқын дәлел. Бейбіт өмір сыйлаған батырлар рухына, соғыс және тыл ардагеріне құрметке толы онлайн шаралар өнерпаздардың еңбегін екі еселегені рас. Десе де сахна тарландары осындай қиын-қыстау кезеңде халық жанын рухтандырып, елмен етене жақын болуда. Ел деп соққан жүректері нендей қиындықты еңсеруге дайын тұлғаларға халық та дән риза.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ






16 мамыр 2020 ж. 1 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 083

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031