Пианист

Бірде Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебіне жолымыз түсті. Шығармашыл ұстаздардың отанында талай дарын түлеп ұшып, құштарлықпен қанат қаққан-ды. Иә, дәл осы жерде кейіпкермен жолымыз тоғысты. Мек­тептегі бөлменің бірінен әсем әуен естілді. Жанға жайлы саз сарнаған жаққа қарай беталдық. Орындаған кім, қандай музыка? Сананы сан саққа бөлген сауалды фортепианоның нәзік нотасы бөліп жіберді. Бізге мән берместен   делебесі қозған жігіт туындыны одан әрі жалғап жатыр, ойнап жатыр. Әр пернені басқан саусағына көз ілесер емес. Құлақтан айнала естілген әуен қиял әлеміне жетектеп әкеткендей...
– Қандай шығармадан орындайын? – деді Азат еш қымсынбастан.
– Классика немесе заманауи? –  дегенде ойланбастан-ақ заманауи деп қойып қалыппыз. Жас болған соң соған қызықтық, бәлки.
– Онда кеттік, – деді де кейінгі жыл­дары танымал болған, әлемді сүйсіндірген «Сумерки» көркем фильмінің саундтрегін тарта жөнелді. Аң-таңбыз. Ғажап! Көзбен көріп, құлақпен естіген дүниені жазып жеткізу мүмкін емес. «Жігітке жеті өнер де аз» деп бекер айтпаса керек. Оның тағы бір дәлелі кейіпкеріміздің өнері. Қазақ әндерінен ән шырқап, фортепианода өнерін паш еткен ол бізді бір серпілтті.
Талантты жас – небәрі 22 жаста. №27 орта мектепті бітірген соң Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде «Хорда дережорлық ету» мамандығы бойынша білім алады. Бұл салаға келуі де тегіннен емес. Ол бала күнінен бастап пианист болуды армандаған. Арман жолында таудай талабы мен туа біткен талантының арқасында мақсатына бірте-бірте жетіп келеді.
– Фортепианода ойнауға үйреткен ұстаз­дарыма алғысым шексіз. Өнер­леріне әлі күнге тәнтімін, бас иемін. Олардан алған тәжірибемді өз шәкір­тімнің бойына құюға аянбай тер төгемін. Әр музыкада өзіндік ерекше екпін болады. Әуеннің күрделілігіне қарамастан, оны үйрену әрі ойнап шығу көңілге қуаныш сыйлайды. Сол қуаныштың куәсі де болып келемін, – дейді Азат Серікбекұлы.
Түрлі әуеннің екпінін қағып алып, нотаға түсіре білетін дарын иесі Ф.Шопеннің «Вальс» cis-moll, Бет­ховеннің «Патетическая соната»3 бөлімі секілді күрделі туындыны орындайды.
Кеше ғана балалар әуез мектебіне «Фортепиано» оқытушысы болып жұмысқа тұрған жастың талабы мол. Айтпақшы, біз барған күн шәкіртіне пианинода ойнауды үйретіп отыр екен. Бұл оның алғашқы жұмыс күніндегі – екінші сабағы. Талантты жастан талай дарын иесі шығарына сенім мол.
Айнұр ӘЛИ
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ (сурет)
18 қыркүйек 2019 ж. 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 097

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031