» » » АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ КУРСТАРЫ ӨТЕДІ

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ КУРСТАРЫ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында үстіміздегі жылы 27 – 28 мамыр аралығында «Базалық цифрлық дағдылар» және «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері», 29 – 31 мамыр аралығында «Ашық үкімет» бағдарламалары бойынша аудан тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру курстары өтеді.
«Базалық цифрлық дағдылар» курсының мақсаты - халықты базалық білімдермен, іскерліктермен және базалық ақпараттық-коммуникациялық құралдармен жұмыс істеу дағдыларымен, одан әрі тиімді қолдану үшін ақпаратты іздеу, басқару, сақтау және алуға қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
«Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» курсының мақсаты - ақпараттық қауіпсіздік саласында өз білімдерін жетілдіру қажеттілігін қамтамасыз ету және ақпаратты қорғау әдістері мен құралдарын практикада қолдану.
«Ашық үкімет» курсының мақсаты - мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтыққа қол жеткізу, пайдаланушыларға өз пікірін білдіруге және мемлекеттік органдардан жедел жауаптар мен түсініктемелер алуға мүмкіндікті қамтамасыз ету.
Аталған курстарға қатысу тегін және ауданның кез келген тұрғыны қатыса алады.
Ескертпе: Курстарға қатысушыларға жеке басын куәландыратын құжатпен келу міндеттеледі.
Өтетін орны: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебі, С.Есқараев атындағы №27 орта мектебі, О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі, А.Жанпейсов атындағы №105 орта мектебі, Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектебі, Ү.Томанов атындағы №183 орта мектебі, Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі, №185 орта мектебі, №186 орта мектебі, №111 орта мектебі, Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектебі, №28 орта мектебі, №109 орта мектебі, №108 орта мектебі, №107 орта мектебі, №106 орта мектебі, №199 орта мектебі, №79 орта мектебі, №113 орта мектебі, №80 мектеп-гимназиясы, №85 орта мектебі, №99 орта мектебі, №269 орта мектебі, №279 орта мектебі, №272 орта мектебі, №273 орта мектебі, №274 орта мектебі, №275 орта мектебі, №277 орта мектебінің ғимараты.
16 мамыр 2019 ж. 1 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930