«ҮЗДІК ҰСТАЗ»

Қазақстан «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» (Қазақстан ПҒА) мектеп, колледж директорлары мен директорлардың орынбасарлары, ұстаздар мен оқытушылар арасында Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқау өткізеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі осы жылдың 6 сәуіріне дейін.
БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
Байқау Ережесі Қазақстан ПҒА Жарғысына сәйкес дайындалған.
Байқаудың өткізілу мақсаты: кәсіби іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жеткен шығармашыл ұстаздарды анықтау, олардың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерттеу, тарату, кәсіби шеберліктерін арттыруға қолдау көрсету және жеңімпаздарды марапаттау.
  1. Байқауды өткізуді ұйымдастыру:
    1. Байқаудың ашық және дұрыс өтілуін қамтамасыз ету үшін байқау комиссиясы құрылады.
    2. Байқау комиссиясына жоғары білікті мамандар, педагогтар тартылады. Комиссия төрағасы – Қазақстан ПҒА президенті.
  2. Байқаудың өткізілу реті:
    1. Байқау жылына 3 рет өткізіледі;
    2. Байқауға құжаттарын тапсыру уақытына дейін үздіксіз еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және жұмыста жеке үздік көрсеткіштері бар білім беру саласының қызметкерлері қатыса алады.
  3. Байқауға қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды тапсыру керек:
    1. өтініш (үлгі бойынша);
    2. байқауға қатысушының кәсіби іс-әрекетінде жеткен жетістіктері жазылған аналитикалық есебі (2-3 бет);
    3. байқауға қатысушының түйіндемесі;
    4. ғылыми, әдістемелік еңбектері мен БАҚ-да жарық көрген мақалалар тізімі (тек қана шығыс мәліметтері көрсетілген тізімді жіберу керек, материалдардың өздерін және портфолио тапсыру қажет емес);
    5. 3х4 сурет (2 дана);
    6. мақсатты ұйымдастыру жарнасының төленгендігі жөніндегі түбіртек.
  4. Мәліметтер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі.
  5. Байқаудың мәліметтері қағаз немесе электронды нұсқада 3-бөлімде көрсетілгендей етіп жинақталуы және пошта арқылы немесе Академияның электронды адресіне жіберілуі керек.
  6. Байқауға қатысу үшін 15 000 теңге мақсатты ұйымдастыру жарнасын төлеу қажет.
Қолма-қол төлемеген жағдайда жарнаны Академияның банк реквизитіне аударуға болады:
«Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» ҚБ
050026, Алматы қ., Төле би көшесі, 155, 4-қабат, 401 каб.
РНН 600 700 537 343; БИН 040 340 015 818; ИИК KZ138560000000419866
АО «Банк Центркредит» БИК KCJBKZKX КБЕ 18
Тел.: 8 (727) 378-46-57, 221-25-95; e-mail: apnkaz@mail.ru; веб-сайт: www.apnk.kz
  1. Байқау нәтижелері 13 сәуір күні Академияның сайтында жарияланады.
  2. Марапаттау реті: Байқау жеңімпаздарына арнайы «Үздік ұстаз» деп жазылған төсбелгі (Монетный дворда арнайы тапсырыспен дайындалған), куәлік, сертификат және жеңімпаздардың аналитикалық есептері мен фотолары берілген электронды жинақ дискі тапсырылады (жіберіледі).
  3. Марапаттау уақыты: сәуір айының соңы-мамыр айының басы (қосымша хабарланады).
ЕСКЕРТУ: Электрондық жинаққа әр қатысушының есебі редакцияланбай, берілген қалпында енгізіледі.
31 қаңтар 2018 ж. 2 315 2

Анар от 17 наурыз 2018 10:23
сәлеметсіздер ме?Мен жарнапа
ұлын алдын ала төледім.Қатысу үшін өтініш жазуым керек .Өтініш үлгісі жоқ екен.Үлгісін жіберсеңіздер.

JeaCold от 18 ақпан 2019 14:30
Amoxicilline 500 Alcool online cialis Kamagra Kidney Pharmacie Cialis Prix Real Propecia Reviews

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031