» » Қазақстандық банктерді тексеру басталды

Қазақстандық банктерді тексеру басталды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстанның Ұлттық банкі халықаралық кеңесшілер және аудиторлық компаниялармен бірлесе отырып, 14 ірі қаржы орталығын тексере бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». Олардың активтерінің жалпы үлесі қазақстандық нарықтың 90 пайызын құрайды. Кәсіби мамандар екінші деңгейлі банктердің қарыз беру, дүние-мүлікті кепілге алу сынды басқа да есеп-қисаптарын саралайды. Әсіресе, ревизорлар корпоративті басқару мен бизнес процестерге баса мән беріп отыр. Мұндағы бағалау бағдарламасы Еуропалық Орталық Банктің әдісі бойынша дайындалған. Айта кетерлігі, тексеру жүріп жатқан 14 банктің  жұмысына бұл аудиттің еш кедергісі болмайды.   Олжас Қизатов, ҚР ҰБ банктік реттеу департаменті директоры: – Банктер әдеттегідей жұмыс жасайды. Бұл тексерудің күнделікті жұмыс тәртібіне еш кедергісі болмайды. Активтердің сапасын тексеру жұмыстарына орай, мұның алдында біз дайындық шараларын жүргізген болатынбыз.
www.24.kz
02 тамыз 2019 ж. 809 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930