28 шілдеге арналған ауа райы болжамы
BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша 28 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 жетеді, күндіз 23-28 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерінде тұман түседі, күндіз кей жерінде найзағай ойнап, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, желдің екпіні 15-28 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарында найзағай, бұршақ жауады, ал желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерінде дауыл күтіледі.
"Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл тұруымүмкін, сондай-ақ бұршақ жаууы да ықтимал, таңертең және күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді", - делінген синоптиктер хабарламасында.
Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерінде найзағай, тұман күтіледі.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Түркістан, түнде Жамбыл облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Костанай, Қарағанда облыстарында аптап ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, кей жерде Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.