» » МЫНА БЕС АДАММЕН ЕШ УАҚЫТТА ДОС БОЛМА

МЫНА БЕС АДАММЕН ЕШ УАҚЫТТА ДОС БОЛМА


Әбу Жағфар Мұхаммед бин Әли Бақир былай дейді:
Әкем маған: «Балам! Бес кісімен ешуақытта жолдас болма, олармен әңгімелеспе және жолда серік болма! — деді.

— Құрбаның болайын әке, ол бесеуі кім?,-деп едім, әкем: — Пасықпен жолдас болма, ол бір асқа бола немесе одан да төменіне сені сатып жібереді,-деді.
— Әке! Одан да төмені не?
— Дәметіп, қолы жетпеген нәрсе.
— Әке! Екінші адам кім?
— Сараңмен жолдас болма. Өйткені, ол саған ең керек кезде мал-дүниесін бермейді.
— Әке! Үшіншісі кім?
— Өтірікшіні жолдас етпе, ол сағым сияқты жақынды сенен алыстатып, алысты саған жақын етіп көрсетеді.
— Әке, төртіншісі кім?
— Ақымақпен жолдас болма. Өйткені, ол саған пайда беремін деп зиян тигізеді.
— Әке, бесіншісі кім?- дегенімде:
— Туысқанымен ара-қатынасын үзгенмен жолдас болма, өйткені ондай адамның Құранда үш орында лағынеттелгенін көрдім»,-деп әкем өсиет еткен еді.
P.S. Дос — араб тілінде «садық», яғни, шыншыл деген сөзден туындайды. Демек, дос – әр жағдайда сізбен шыншыл, қарым-қатынастағы бауырыңыз.

27 шілде 2019 ж. 1 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 255
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 796

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930