» » WhatsApp-тағы Adidas деген хабарлама өте қауіпті болып шықты

WhatsApp-тағы Adidas деген хабарлама өте қауіпті болып шықты

Шілде айының басынан бері қазақстандықтардың whatsapp мессенджерлерінде Adidas туған күніне орай 3000 пар аяқ киім мен футболкалар сыйлайды деген хабарлама тарап кетті. Оны тексерген "KZ-CERT" компаниясы қорытынды шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хаттағы adidas - footwears.club ресурсына тексеру жүргізілді.
- Бұл интернет-ресурс "алаяқтық мақсаттағы интернет-ресурс/Интернеттегі фишинг" деп бағаланды, - деді компания өкілдері.

Adidas компаниясы шын мәнінде ешқандай да сыйлық беру шарасын ұйымдастырып отырған жоқ.
Алаяқтар жалған сілтемені басқан смартфон иелерінен сауалнамадан өтуі мен одан кейін сілтемемен бөлісуді сұрайды.
Аяқ киім мөлшерін таңдау деген жерінде алаяқтар шын мәнінде ақша сұраған, ал сілтемемен бөліскен кезде алаяқтар қолданушылардың телефондағы байланыстар тізімін ұрлаған.
- Құрметті қазақстандықтар, егер де осындай алаяқтықтың құрбаны болып қалсаңыз, бізге 1400 нөмірі арқылы хабарласыңыздар немесе Telegram-дағы каналымызға жазыңыз, - дейді "KZ-CERT" қызметі.

23 шілде 2019 ж. 1 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031