» » Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ысиды

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ысиды

13 шілдеде ел аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек Қазақстанның батысында және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай, желдің күшеюі, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейіп, шаңды дауылға ұласады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қарағанды облыстарында,  күндіз Маңғыстау, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.  
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. 
Қызылорда, Алматы, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс  Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
13 шілде 2019 ж. 766 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 238
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031