«Қала бойынша жыл сайын шашамен 31 мың адам сәби дүниеге келеді. Ал күніне 100-ге жуық бала дүние есігін ашады. Бүгінде қалада 3 перинаталдық орталық бар. Біздің көтерген мәселеміз - перинаталдық орталықтарды ауруханалармен біріктіру. Бүгінде қалада бұл тәжірибе №1 перинаталдық орталық пен №2 қалалық ауруханасының базасында қолға алынды. Ендігі уақытта қалған екі орталықты да солай жасау қажет. Неге десеңіздер, себебі перинаталдық орталыққа жүкті әйелдер түрлі жағдаймен түседі, кейде ота жасау керек сәттер болады. Сондай кездейсоқ жағдайда ауруханамен біріктірілгені тиімдірек», - деді №3 перинаталдық орталығының бас дәрігері Зайтуна Хамитуллина.