» » ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ӘРДАЙЫМ НАЗАРДА

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ӘРДАЙЫМ НАЗАРДА

Өткен жылы аймақта 88 кәсіпорын мен мекеме 1855 жұмысшы алдындағы 226 млн 100 мың теңге жалақы қарызын қайтарды. Өңірлік коммуникациялар орталығында болған брифингте облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов бұл мәселенің қатаң бақылауда екенін нақтылады.

Заң талабын бұзғандарға 213 нұсқама беріліп, 6,6 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Соның 6,5 млн-ы өндірілді. Бүгінде жалақыға берешегі бар бірде-бір жұмыс беруші тіркелмеген. Облыс аумағында орналасқан 22 бірлескен компанияда 6813 адам жұмыс істейтін болса, соның 652-сі немесе 10,5 пайызы сырттан келген. Шетелдіктермен арада шиеленіс туындамауы үшін дағдарыс штабы, арнайы комиссиялар мен кәсіподақтар жұмыс істеп жатыр. Алпауыт компаниялардағы жерлестеріміздің ахуалы – жергілікті биліктің жіті назарында.
– Қазіргі күні мұнай ұңғымаларынан алынып жатқан өнім құрамында су көп. Бұл мұнай өндіру көлемінің едәуір төмендеуіне әсер етті. 2016-2017 жылдары Қызылордадағы мұнай компанияларында жұмыстан қысқарту жағдайлары болды. Осыдан кейін облыс әкімі бірнеше компания басшылығының «адамдардың жұмыс уақытын 8 сағаттан 5-6 сағатқа дейін азайтсақ та өздерін қысқартпаймыз» деген келісімін алды. Ал босап қалғандарды мәселе реттелген кезде қайтадан жұмысқа алатын болып шешілді, – деді Қ.Ысқақов.
2017 жылдың ІІІ тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8 процентті құрады. Былтыр барлығы 23377 адам жұмыспен қамтылса, оның 13987-сі – тұ­рақты жұмысқа, 6323-і – жергілікті бюджет есе­бінен төленетін қоғамдық жұмыстарға, 1803-і – жастар тәжірибесімен, 1244 адам әлеуметтік жұмыстарға орналасты. Мекемелер мен кәсіпорындарда тәжірибеден өткен 1800-ден астам жас маманның 21 проценті ғана сонда орныққан.
Облыс әкімінің орынбасары өзі жетекшілік ететін салалар бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстар жайында айтып берді. Осы уақыт ішінде өнеркәсіп кәсіпорындарында 773,2 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру, резеңке және пластмасса бұйымдарын, металлургия өнеркәсібі көлемінің артуына байланысты өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 4,6 процентке жетті.
– Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 37,6 млрд теңге болатын 284 жұмыс орнына лайықталған шыны зауыты мен екі окись молибден ұнтағын үш окись молибденге айналдыру жобалары жүзеге асырылды. 612,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығы бағытында 86,1 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Мемлекеттік бюджетке 104 672,4 млн теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті, – деді Қ.Ысқақов.
Бүгінде жергілікті бюджеттің 60 проценттен астамы әлеуметтік салаларға бағытталған. Өткен жылы соның 2 млрд 800 млн теңгесі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тиісті жәрдемақы есебінде берілді. Соңғы статистикаға сәйкес облыс бойынша осы санаттағы адамдар саны 29 мыңнан асады.

08 ақпан 2018 ж. 1 439 2

JeaCold от 17 ақпан 2019 15:16
Buy Nexium Uk Precio Viagra En Farmacias Espana Bentyl 20mg Diciclomina cialis prices Zithromax Side Effects In Children Acyclovir No Script Canada

WillieMug от 24 қараша 2019 03:02
התחנה עונה 2 פרק 5 לצפייה ישירה הנוכלות פרק 4 לצפייה ישירה ריק ומורטי עונה 4 פרק 3 לצפייה ישירה התחנה עונה 2 פרק 5 לצפייה ישירה הנוכלות פרק 4 לצפייה ישירה ריק ומורטי עונה 4 פרק 3 לצפייה ישירה

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031