» » «Жарқын жазға мың алғыс!»

«Жарқын жазға мың алғыс!»

2019 жылдың №275 орта мектебі жанынан ашылған «Жұлдыз» жазғы тынығу лагерінің «Жарқын жазға мың алғыс!» тақырыбындағы 1-ші ауысымының жабылу салтанаты болып өтті. Мақсаты - оқушылардың 10 күн бойы лагерден алған әсерлерін әңгімелей білуге, ой-өрісін кеңейтуге, бастан өткен қызықты айта білуге үйрету. Мәдениеттілікке, парасаттылыққа, әсемділікке, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуге тәрбиелеу.
«Жұлдыз» жазғы тынығу лагерінің жабылу салтанаты Қолғанатов Ардақ «Адай» күйін орындауынан бастау алды. Жүргізушілер 5-сынып бітірушілері - А.Тыныштыков пен Б.Шакизада, шараның ашылуын салтанатты түрде жариялап, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - К.Сарымсаковаға құттықтау сөз кезегін берді. Ол оқушыларды, «Жұлдыз» жазғы тынығу лагерінің жабылуымен құттықтап, оқушыларға алдағы жазғы демалыс күндеріне сәттілік тіледі. Одан соң лагерь оқушылары «Не детское время» әніне керемет флешмоб биледі. Тәрбиеші-ұстаз - Г.Есалиева, «Жаз ханшайымы» рөлінде шығып «Орындық» ойынын ойнатып, келген қонақтар мен оқушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. 
Сондай-ақ, лагерь оқушылары - Санжар мен Аяжан Нұрболат Абдуллиннің "Вальс" әніне керемет вальс билеп, Әділжан мен Аяулым Төреғали мен Ерке Есмаханның "Алло" әніне пародия жасады. Асланбек "Ана-әке" әнін, ал Айару есімді қызымыз "Көңілді күн" әнін орындап, көрермендердің ықыласына бөленді. Кештің соңы лагерь оқушыларының "Хэндс ап" әніне билеген флешмобымен және Ардақтың орындауындағы лагерь әнұраны - "Жұлдызым" әнін шырқаумен аяқталды.Сондай-ақ, осы шара барысында "Лагерь ханзадасы мен ханшайымы - 2019" байқауының жеңімпаздары - Нурлыбай Асланбек пен Майдакараева Каракоз арнайы сыйлықтар мен дипломмен марапатталды. «Жарқын жазға мың алғыс!» атты мерекелік іс-шараны қорытындылау үшін сөз кезегі лагерь директоры - Б.Кенжалиеваға берілді. Ол балаларды лагерьдің жабылуымен құттықтап, лагерьдің іс-шараларына белсене араласқан оқушыларды марапаттады. Лагерь барысында ұйымдастырылған сурет және эссе жазу байқауларының жүлдегерлері мен жеңімпаздары анықталып, олар мадақтамаларға ие болды. Сонымен қатар ата-аналарға да сөз кезегі беріліп, олар да өз ризашылықтары мен алғыстарын білдірді. Лагерьден керемет әсер алып, қуанышқа бөленгендігі балалардың жүздерінен айқын байқалды.

19 маусым 2019 ж. 1 228 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031