» » "Сыңғырла, соңғы қоңырау"

"Сыңғырла, соңғы қоңырау"

№79 негізгі мектебінде "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты мектеп бітірушілердің салтанатты жиыны болып өтті. Биыл мектебімізде 9 оқушы үлкен өмірге жолдама алды. Оның ішінде екі оқушы Өтебай Балайым мен Мұратбек Абдулхамит үздік аттестат иегерлері. Жиында мектеп директоры С.Әбікенова сөз сөйлеп ыстық ықыласын білдірді. Сондай-ақ, дәстүрге айналған марапаттау сәтінде мектептің үздік оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер мектеп директорының алғыс хатына ие болды.
Түлектердің қимастық сезімі мен болашаққа деген сенімі олардың орындаған әндерінен сезіліп тұрды.
9 арман, 9 үміт осынша сенім мен осынша тағдыр. Еліміздегі мыңдаған мектептерден мыңдаған түлектердің ұшып шыққанын ескерсек, ересектер қатары осынша адамға, осынша күшке толықты. Қанаттарың талмасын, жас түлектер!

25 мамыр 2019 ж. 2 578 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 988
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031