Құрылтай
» » Өзекті мәселе - мал ұрлығы

Өзекті мәселе - мал ұрлығы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауымен ҚР аумағында мамыр айының 14-16 күні аралығында Қармақшы аудандық полиция бөлімінің  жеке құрамымен мал ұрлығына байланысты "Мал ұрысы" атты іс-шара өтуде.
Иә, мал ұрлығы. Бұл - «жауыр» болған тақырып. Қоғамның өзекті пробле­масы аталғалы да қашан? Бұл дерт неге тыйылмай жүр? 1 сағаттық миссиядан соң ұрлықшы өз ісіне мәз болады. Ал, ұрлатқандардың қанша жыл осы малды бағып, тер төккені бір-ақ сәтте зая кетеді. Айтып-айтпай не керек, бұған басты себепкер – тұрғындардың өзі болады екен. Мәсе­лен, сиырын қараусыз қалдырады. Оның ішінде үйден ұрланғаны да бар.
Бұл жайында Қармақшы АПб-нің КПб-нің аға жедел уәкілі, полиция майоры Г.Өмірзақов хабарлама жасады.
– Тоқсан сайын есептік жиын өткіземіз. Мұнда мал ұрлығының алдын алу үшін түсіндіру жұ­мысы жүргізілді. Ауылдық жерде бақ­ташы ұйымдастырып ақша төлегісі келмесе немесе жағдайы жетпесе кезек ұй­ымдастырсын. Сонда айына бір рет немесе аптасына бір рет кезек бағады. Есесіне малы түгел, қорасы қараулы, – дейді ол.

Айнұр ӘЛИ.


15 мамыр 2019 ж. 2 528 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 651
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31