» » Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлова ескерткіші ашылды

Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлова ескерткіші ашылды


Жеңіс күні қарсаңында Санкт-Петербургте Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ескерткіші ашылды.
Композиция авторы – мүсінші Едіге Рахмадиев. Ескерткіш Алматы облысында жасалған. Бұл жоба Санкт-Петербург билігі, Қазақстан елшілігі және Ақтөбе мен Атырау облыс әкімдерінің бірлескен еңбегі аясында жүзеге асты.
Осыған дейін Санкт-Петерборда бірнеше күн бойы қар аралас жаңбыр жауған еді. Алайда ескерткіш ашылғанда күн шайдай ашылды. Қаһарман қазақ қызына рухына тағзым етіп келгендердің санында шек жоқ. Тіпті адамның көптігінен саябаққа кіре алмағандар бар.
Вячеслав Макаров, Санкт-Петербор заң шығару жиналысының төрағасы:
- Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың мүсіні достық, татулық, бейбітшілік және ұлы қазақ халқы мен осы халықтың ұлы қызын ұлықтаған ескерткіш болды.
Иманғали Тасмағамбетов, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:
- Сөз жоқ, бұл – шара ҰОС қарсаңында қаһарманға ұлы тағзым және екі елдің бірлігін паш ететін дара дүние.
Салтанатты рәсімге ардагерлер, әскерилер, саясаткерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен өнер қайраткерлері қатысты. Олардың арасында алғаш «Әлия» әнін шырқап елге танылған қазақтың күміс көмей әншісі Роза Рымбаева да бар.
Роза Рымбаева, Қазақстан халық әртісі:
- Бұл ерлік ешқашан ұмтылмайды. Әлия апамыздай батырларымыздың арқасында біздің елге бейбітшілік келді. Бақытты көк аспан. Ел қорғаған әскерлеріміздің, соның ішінде Әлия, Мәншүк, Хиуаз, солардың арқасында бүгін үлкен мереке.
Дмитрий Кобицкий, ТМД Парламентаралық ассамблея кеңесінің бас хатшысы:
- Кімнің арқасында бүгінде өмір сүріп жатқанымызды ұмытпауымыз керек. Әлия Молдағұлова бір кездері Ленинградта да тұрған. Мұнда жиналған балалар, ержеткендер мен ардагерлер оған өз құрметін білдіруге келді.
Әскери училищелердің курсанттары мен қала оқушылары ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Нева өзенінің жағасында орналасқан қалаға бұл күндері Әлия Молдағұлованың туыстары мен жерлестері де келген.
Ғалымжан Байдербес, «Қос шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, зерттеуші:
- Әлия мәңгілік ерлігімен, отансүйгіштігімен өзі қазақ ұлтының рухы болып қалды.
Ескерткіш қоятын орын арнайы таңдалған. Тап осы жерде, сол кездегі №46 балалар үйінде Әлия Молдағұлова тәрбиеленген болатын. 42 жылы балаларды қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Ал жап-жас Әлия өз еркімен Қызыл әскер қатарына жазылды. Мерген қызымыз 19 жасында оққа ұшып, жастығы мен өмірін Отаны үшін құрбан етті. Оның ерлігі халықтың мәңгі жадында.Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

07 мамыр 2019 ж. 1 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031