» » КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сейсенбі күні аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның ІІ тоқсанындағы отырысы өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев ашып, жүрізіп отырды. Комиссия отырысында екі мәселе қаралды. Бірінші – аса қауіпті жұқпалы ауру Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында елді мекендердегі атқарылатын жұмыс жайлы, екінші – жаз мезгіліндегі суға түсу маусымы кезінде қауіпсіздіктің алдын алу мақсатындағы жағажай мен суда құтқару бекеттерін ашу туралы.
Ауданда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ болып 15 елді мекен анықталған. Осыған байланысты көктемгі залалсыздандыру жұмыстары 30 сәуірден бастап жүргізілуде.
  • Кенеден сақтанудағы ең маңыздысы – ауыл тұрғындарының мал бастары мен қораны залалсыздандыру жұмыстарын сапалы жүргізу. Тазартылмаған қораларды улау еш нәжиже бермейтіні анық. Сондықтан қора тазалығына мән берейік, деді аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнәр Төлепова.
Аудан бойынша анықталған 15 елді мекендегі 53 361 мал басына (ірі қара 18 563, бас уақ мал 32 728, түйе 2 070) және көлемі 76 611 шаршы метрді құрайтын 3 797 қора мен аумағы 15 754 шаршы метр 136 суат пен шаңлаққа КРЕОЛИН Х ерітіндісі қолданылады. Препаратты 3 жыл сайын ауыстырып отыратын көрінеді. Сала мамандары мұны кененің бір перпаратқа үйреніп қалмауы керек дейді. Қазіргі таңда залалсыздандыру жұмыстары Шиелі ауданында аяқталса, Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласында жүргізілуде.
Жиындағы екінші мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы  Өмірбек Сақтабаев баяндама жасады.
Жаз мезгілінде суға шомылу маусымында түрлі келеңсіз жағдайлар орын алуда. Ауданда суға түсуге белгіленген арнайы жағажай мен суда құтқару стансасының жоқтығы кері әсерін тигізуде, – дейді бөлім басшысы. Жиын соңында ұсыныс пікірлер тыңдалып, тиісті мекемелерге тапсырма берілді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы»
03 мамыр 2019 ж. 1 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 336
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930