» » ОҢТАЙЛЫ ТІРЛІКТІҢ БАҒДАРЫ

ОҢТАЙЛЫ ТІРЛІКТІҢ БАҒДАРЫ


Республика аумағында 2019 жылдың 10 сәуірінен бастап тұрғындарды заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрі мен жарылғыш затты сатып алу бойынша кезекті акция  өткізуде. Акцияның мақсаты – азаматтарда заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау.
Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш затты өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылмайды. Ол азаматқа өткізген дүниенің жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.
Республикалық акция қоғамда жедел жағдайды сауықтыру, атыс қаруын қолданып жасалатын қылмыстарды болдырмау және ашу мақсатында өткізуде. Ел қазынасынан бөлінген қаржы әрбір қарудың техникалық жағдайына қарай, үш түрлі категория бойынша төленеді.
  1. 2019 жылдың 10 сәуірінен бастап оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өтемді түрде сатып алу бойынша акция жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 бұйрығымен бекітілген тіркелмеген атыс қаруларын тапсырған азаматтар үшін ешқандай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, – дейді азаматтық және қызметтік қару айналымы бақылау тобының инспекторы Нұрсұлтан Пазылбеков.
Иә, заңсыз сақталған атыс қаруды ерікті түрде тапсырған аза­маттар әкімшілік жауап­кер­ші­лік­ке тартылмайды. Заңды түрде тіркелмеген мыл­тық, жарылғыш заттар болса осын­дай акция кезінде полицияға өткізіп, бағаланған құнына қарай тиесілі ақ­шаны алған абзалырақ. Акция басталғалы ауданда 3 адам 6 түрлі қару өткізген екен.
  1. Қазіргі таңда барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің техникалық жай-күйіне қарай тапсырған қару үшін қаражат алуға мүмкіндік бар. Ол қарудың түрінен сәйкес атылатын қару 50 мың теңгеден жоғары қаржылай ақша берілсе, атылмайтын қару 20 мың теңгеден жоғары. Қарудың атылатын, атылмайтын түрін Қызылорда қаласына экспертизаға жібереміз. Сол жақтағы қызметкерлер анықтап, бізге жолдайды, – дейді инспектор.
Ал егер зат­ты тығып ұстайтыны анық­тал­са, заңмен жауапқа тартылады. Мы­салы, жақында ауданда осындай 2 тұлға  анықталды. Тәртіп сақ­шы­лары қаруды тәркіледі.
– Аталған шара үшін Қылмыстық ко­декстің 482-баптың 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып жатыр. Алдағы уақытта іс сотқа жолданады, – дейді инстектор Нұрсұлатн Ғалымжанұлы.
 Осы орайда айта кету керек, қару ұстауға қызығатын азамат­тар алдымен осыған қатысты заңды бі­ліп жүргені жөн. Қылмыстық ко­декстің «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарыл­ғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау не­месе алып жүру» деп аталатын 287-бабында «Суық қаруды алып жүру аңшылық кәсіпшілікке байланысты болған жағ­дайды қоспағанда, тиiстi рұқ­саты жоқ жеке тұлғаларға, ұйым­дар­ға қару-жарақты және оған оқ-дәрілерді сауда ұйымдары жұ­мыс­керлерiнiң сатуы – екі жүз айлық есептiк көр­сет­кiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу­ға не сол мөлшерде түзеу жұ­мыс­­тарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұ­мыс­тар­ға тартуға не алпыс тәулікке дейін­гі мерзімге қамаққа алуға жа­за­ланады» делінген. Осы баптың үшінші не­месе төртінші бөлiктерiнде көз­дел­ген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы бапта көр­­сетiлген заттарды өз еркiмен тап­­сырған адам, егер оның әрекет­те­рiнде өзге қылмыс құрамы бол­ма­са, қылмыстық жауаптылықтан бо­сатылады. Адамды ұстап алу ке­зінде, сондай-ақ осы бапта көрсе­тіл­ген заттарды табу және алып қою жө­ніндегі тергеу әрекеттерін жүргізу ке­зінде алып қою оларды өз еркімен тап­сыру деп танылмайды.
Азаматтардың заңсыз сақтауындағы қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ішкі істер бөлімдеріне  өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстардың және төтенше оқиғалардың алдын алуда өз үлесіңізді сіз де қоса аласыз. Сондықтан қолда бар тіркеусіз қару-жарақты акция аясында өткізуге атсалысайық!
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».


27 сәуір 2019 ж. 835 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031