» » "ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

"ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

"Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі" республикалық байқауы жарияланды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттікқызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында ағымдағы жылдың 5 сәуірінде«Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы туралы хабарландыру жарияланды.
Конкурсқа әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ, мемлекеттік қызметте өтілі бір жылдан кем емес кез-келген мемлекеттік қызметші қатыса алады.
Байқау екі кезеңде өткізіледі: өңірлік (облыстық) және республикалық деңгейде.
Бірінші кезеңкелесі сатылардан тұрады:
- құжаттарды жинау (өтініш, сауалнама, уәждемелік эссе, қызметтік тізім);
- кандидаттың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуін тестілеу;
- Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанынан құрылғанарнайы өңірлік конкурстық комиссиясымен кандидаттардың жеке жобалық жұмыстарын бағалау.
Байқауға қатысуға ниет білдірген азаматтарарнайы нысан бойынша конкурсқа қатысу жөніндегі өтінішпен бірге төмендегі құжаттарды Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша Департаментіне ұсынуы қажет:
1) мемлекеттік органның конкурс қатысушысына берілген бағасы көрсетілген сауалнама;
2) көлемі 500 сөзден аспайтын машинамен жазылған, А4 нысанды мәтіндегі «Не себепті мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықтымын» тақырыбындағы уәждемелік эссе (Times New Roman - 14, жоларалық интервал - бір);
3) қызметтік тізім.
Уәждемелік эсседе кәсіби қызметіндегі үміткердің негізгі жеке жетістіктері, өзінің қызмет аясындағы мәселелерді шешудегі, мемлекеттік органмен оған жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру процессіндегі жеке үлесі, сондай-ақ іске асырылған жобалардың тізімі (бар болған жағдайда) дәйектеліп жазылуы тиіс.
Жеке жобалық жұмыста мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша экономикалық немесе әлеуметтік әсері бағаланған жаңарту ұсыныстары болуы тиіс.
Бірінші кезеңнен сәтті өткен үміткерлер Конкурстың екінші кезеңі барысында Республикалық комиссия мүшелері алдында өзінің жеке жобалық жұмысын қорғайтын болады.
Байқаудың жеңімпаздары «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісімен марапатталып, республикалық «Жас мемлекеттік қызметшілер» форумына қатысуға жолдама алады.
Байқауға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды 2019 жылдың 4 мамырынан кешіктірмей Департаментке ұсыну сұралады.
Қосымша ақпаратты Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1 мекенжайы бойынша немесеkyzmet.gov.kz сайтынан және 8/7242/705626 нөмірі арқылы біле аласыз.
Барлық мемлекеттік қызметшілерді белсенділік танытып байқауға қатысуға шақырамыз!
26 сәуір 2019 ж. 1 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031