» » МАҢЫЗДЫ ӨЗГЕРІСТІҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ

МАҢЫЗДЫ ӨЗГЕРІСТІҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ

Сот жүйесінде қағазбастылықтан арылуға, уақыт үнемдеп, жүйе жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды өзгерістер орын алуы қуантады. Бұл жаңалық халық үшін де, мемлекетке де тиімді болмақ. Сот процесінде цифрлық технологияларды пайдалану және одан әрі дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Іс бойынша тараптардың уақыты мен істі қарау мерзімін қысқарту үшін «Smart сот», «Түнгі сот» және «Виртуалды сот» пилоттық жобалары жүйелі жүзеге асуда.
Іс бойынша қатысушыларды сот ғимаратына шақырмай-ақ отырысты қашықтан өткізуге болады. Жаңа жобалар қоғаммен өзара әрекеттесудің қазіргі заманғы форматтарын құру мақсатында енгізілген ІТ технологияларды қолдана отырып сот жүйесін оңтайландырады. «TrueConf» қосымшасын ұялы телефонға жүктесеңіз, сотқа келместен сот отырысына қатысу мүмкіндік бар.  Осылайша сот жүйесінде қазіргі жаңа технологияларды, соның ішінде жоғарыда аталған жобаларды енгізу сот процесін жеңілдетіп, бюрократтық кедергіні жояды, азаматтардың уақытын да, қаржысын да үнемдейді, халық сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігіне қол жеткізеді.
«Виртуалды сот» пилоттық жобасын іске асыру мақсатында Төретам кенті, Далдабай, ІІІ Интернационал ауылдарындағы әкімшілік ғимаратына қондырғы орналастырылды. Мүмкіндігі мол жаңа жүйелермен жұмыс жандана береді.
Г.ӘМІРҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
19 сәуір 2019 ж. 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930