» » Балалар суретінің көрмесі ашылды

Балалар суретінің көрмесі ашылды

Елбасы кітапханасының музейінде «Жердің алғашқы жасанды серігінің ұшырылуы Байқоңыр балаларының көзімен» атты балалар суреттері көрмесінің ашылуы өтті.
Кітапхананың 2018 жылғы көрме маусымын ашатын салтанатты шара – Жердің алғашқы жасанды серігінің ұшырылуына 60 жыл толуына арналған ауқымды акцияның нәтижесі болып табылады.
Акцияның өз тарихы бар: 2017 жылы Байқоңыр ғарыш айлағының негізін салған Г.М. Шубников атындағы № 1 орта мектеп оқушылары айтулы датаға орай суреттер дайындауға бастама көтерді. Бұл шараны Қазақстан Республикасына қарасты Байқоңыр қаласындағы білім беру мекемелерінің оқушылары да қолдады. Нәтижесінде байқоңырлық оқушылар 5,5 мыңнан астам сурет дайындады.
Бір мезгілде екі құқықтық негізде қызмет ететін «Байқоңыр» кешенінің айрықша мәртебесін ескере келе, балалар өз шығармаларын Қазақстан және Ресей Президенттеріне жолдауға шешім қабылдады. Суреттерді Астана және Мәскеуге жіберу – бұл серікті ұшыру және орбитаға бағыттау нышанын білдіреді. Шығармалардың бір бөлігі Мәскеудегі Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасында көрсетілмек.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
Н.Ә. Назарбаевқа 200 сурет топтамасы жіберілді. Балалардың барлық шығармалары «Балалық шақтан көзқарас» жобасы аясында Астана қаласындағы Елбасы кітапханасының музейінде өткізілетін көркемсурет көрмесінде қалың жұртшылыққа ұсынылатын болады.
02 ақпан 2018 ж. 1 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930