» » Қасына татуаж жасатамын деп өле жаздады

Қасына татуаж жасатамын деп өле жаздады

Түркістан облысының Жетісай қаласында сұлулық салонына барған әйел өліп қала жаздады. Ол қасына татуаж жасатқаннан кейін жағдайы нашарлап кетіп, ауруханаға түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Сурет: ERNUR.KZ
Оқиға 25 наурызда орын алған. Жетісай қаласының тұрғыны жергілікті сұлулық салондарының біріне барып, қасына татуаж жасатады. Алайда артынша Құралай Өтегенованың жағдайы нашарлап кеткен. Ол үйіне келгеннен кейін қызуы көтеріліп, бет-аузы ісе бастапты. 
«Қасымды Айдана есімді шеберге істеттім. Басында бәрі жақсы болды. Үйге келген соң қызуым көтеріліп, бет-ауызым ісіне бастады. Болмаған соң қасымды боятқан келіншекке қоңырау шалып, мән-жайды айттым. «Ондай-ондай болады, әпше», -  деген Айдана нақты ештеңе айтпады», - дейді ол. 
Өтегенованың сөзінше, бастапқыда ол басылатын шығар деп үміттені, ешқандай әрекет жасамаған. Алайда біраз уақыттан кейін қасы қышып, жағдайы нашарлай бастапты. Осыдан соң ол жәдел жәрдем шақыртуға мәжбүр болған. 
Сұлулық салонының маманы оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Ал Құралай Өтегенова бүгінде аудандық ауруханада емделіп жатыр. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтады. 
«Науқастың жедел жәрдеммен ауруханаға келгені рас. Қасынан аллергия беріп, бет-ауызы іскен. Біз тексере келе «контактілі дерматит» деген диагноз қойдық. Науқастың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық, өміріне ешқандай қауіп жоқ. Дексометизон, аллергофест екпелері жасалып, гидрокартизон жақпа майы белгіленген. Енді азаматшаға иіс сабындар мен иіс суларды, цитрусты өнімдерді пайдалануға болмайды. Бізден ем қабылдап шыққан соң аллергоорталыққа барып толық тексеруден өтуі, есепке тұруы керек» - дейді терапия бөлімінің меңгерушісі Халима Айдарбекова.
04 сәуір 2019 ж. 1 893 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 044

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031