» » Кітап-асыл қазынам

Кітап-асыл қазынам

Төретам кент кітапханасында «Нұр Отан партиясы» Қызылорда облыстық филиалының желілік кестесіне сәйкес «Білім тарату орталықтары» партиялық жоба аясында «Кітап-асыл қазынам» атты дөңгелек үстел болып өтті. Кітапхана - қоғамның танымын ашып, білімге жетелейтін мекен. Қазіргі таңда қай сала болмасын білім, мәдениет, денсаулық сақтау немесе онлайн сауда бәрінің де қызметі электронды жүйе арқылы қолжетімді. Елімізде қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты да сол - қызмет көрсету секторына ақпараттық технологияларды енгізу. Кең жолақты интернетті дамыту.Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясы жастарды кітап оқуға баулуға арналған бірқатар жобаларды іске асыруда. Кітапханаларды цифрландыру, кітапханаларда заманауи коворкинг орталықтар ашу – соның дәлелі. Мұндағы мақсат- кітапханаларды жастардың сүйікті мекеніне аналдыру. «Нұр Отан» партиясының«Білім тарату орталықтары» жобаның мақсаты өскелең ұрпақтың рухани, инттектуалдық өсуіне қажетті мүмкіндіктермен қанағаттандыру және шығармашылық дамуына қолайлы жағдай жасау үшін қазіргі қоғамдық кітапханаларды білім беру орталықтарына айналдыру. Дөңгелек үстелді кітапханашы А. Ермахан жүргізіп отырады. Басқосуды «Нұр Отан» партиясының Байқоңыр филиалының төрағасы Б.Бекпанов ашты. Ақай ауылдық модельдік кітапханасының кітапханашысы Қ.Нұрмағамбетова тақырып сай баяндама жасады. «Мамедова» БПҰ төрағасы Ғ.Сәрсен ,№85 ,№269,№80 мектеп гимназия кітапханашылары Ж.Нәрікбаева А.Медеубаева және «Байқоңыр жастар» бірлестігінің төрайымы И.Қабатова, Төретам кенті Әйелдер кеңесінің төрайымы А. Аралбаевалар тақырып бойынша пікірлерін ортаға салды.
Жүсіп Баласағұнның сөзімен айтқанда: «Білім-адам баласының ортақ қазынасы». Сондықтан да кітапханаға келіп, әдеби көркем шығармаларды, түрлі газет журналдарды оқыған адамның мерей өсіп, рухани азық алып, дөнгеленген дүниеден хабардар болады. Дөңгелек үстелге онлайн пішінінде "Мәдениет", "Аққұм" онлайнын үйлестірушілері Г.Ділдабекова, А.Көшекбай қатынасып пікір білдірді. Кітапханашылардың мақсаты-XXI ғасыр азаттарына алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, пайдалыларын өз игіліктеріне жұмсауға үйрету, ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу.
22 ақпан 2019 ж. 1 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031