» » ҚЫЗЫЛОРДА ЖАСТАРЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОЛЫНДА

ҚЫЗЫЛОРДА ЖАСТАРЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОЛЫНДА

Кеше ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты "Жастар ісі" секторы мен қалалық «Сұлтан» мешітінің өкілдері қайырымдылық шарасын өткізді. Жастар көше тазалығын жасайтын жұмысшыларға, базар маңындағы кісілерге, тұрмысы төмен жандарға ыстық тамақ пен шай таратып, сауапты істің ұйытқысы болды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан шаһар тазалығына үлес қосып жүрген жұмысшыларға ризашылық білдіріп, ыстық тамақ үлестірді. Өнегелі бастаманы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мен қала кәсіпкерлері де қолдады.
Аталған қайырымдылық шараның мақсаты - халықтың жүрегіне жылулық сыйлап, жастарды жақсылық жасауға баулу болып табылады.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі 


21 ақпан 2019 ж. 1 067 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 368
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728