» » Венгрияда қазақ тілін үйренгісі келетіндер көбейген

Венгрияда қазақ тілін үйренгісі келетіндер көбейген


Венгер жастары жүйелі түрде қазақ тілін үйреніп жатыр. Бұл туралы  Сыртқы істер министрлігіндегі брифинг барысында Қазақстанның Венгриядағы төтенше және өкілетті елшісі Нұрбақ Рүстемов айтты.

«Сегед ғылыми университетінде Алтайтану кафедрасы бар. Сонда венгер жастары қазақ тілін үйреніп жүр. Біз өзіміз жыл сайын елшілік тарапынан Қазақстан туралы, астанасы және Тәуелсіздігі туралы жылына екі рет 6 шілдеде және 16 желтоқсанда қазақ тілінен конкурс өткіземіз. Қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Содан кейін Лаки Телек халық университеті бар. Жыл сайын жазғы курсқа қазақ тілінен үйренуге жергілік венгенлер келеді. Қызығушылық өте жоғары. Олар қазақтарды өзіне жақын тартады. Тарихы туыстығымыз бер деп есептейді», -  деді дипломат.

Сонымен қатар елші Астананың коммуналдық жүйе мамандары Будапештің су шығару жүйесімен танысқанын айтты.

«Былтырғы жылдың соңында Бақыт Тұрлыханұлы астаналық делегациямен келді. Әлем бойынша Будапешт – озық технологияларды қолданатын ең басты қалалардың бірі. Бір ғана мысал айта кетейін, Будапеште су кәрізі жүйесінде 40 адам ғана жұмыс істейді. Су құбырынан шыққан қалдық судың өзін тиімді пайдаланып келеді. Олар ол шыққан судан электр өндіріп, қалдықты өңдеп, көң қылып іске асырып отыр. 2012 жылдан бері тарифі көтерілмеген. Яғни, су шығару жүйесі өзінен-өзі пайда әкеліп отыр», - деді елші.
Рахиля Бекназарқызы
baq.kz
09 ақпан 2019 ж. 1 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930