» » Ақордаға келген Жапония елшісі Елбасымен қазақша сөйлесті

Ақордаға келген Жапония елшісі Елбасымен қазақша сөйлесті


Бүгін шетелдік елшілер Ақордаға салтанатты жиынға келді. Олар мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын табыстады.

Ұлттық киімдегі Жапония елшісі Тацухико Касаи фотографтардың назарын бірден өзіне аударды. Ол өте маңызды оқиғаларға ғана киетін кең бүктелген шалбар-хакама киген.

Оған қоса, елшінің аяғында үлкен саусағын басқалардан бөлетін, арнайы ақ түсті таби шұлықтары бар жапон аяқ киімі-гэта болды.
Ал Тацухико Касаидің серігі кимоно киген екен.

Жапония елшісі сенім грамотасын табыстамас бұрын Назарбаевқа таза қазақ тілінде сөйледі.
Осылайша, дипломат өз құрметін білдірді.

«Мен үшін жоғары мәртебелі сізге сенім грамоталарын тапсыру үлкен құрмет», — деді ол.

Артынша елші орыс тілін де жетік меңгергенін көрсетті. Ол тілшілерге қазақ тілін оқығысы келетінін, тіпті, қазақ тіліндегі әндерді жаттап жүргенін айтты.


06 ақпан 2019 ж. 1 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30