» » Қызылордада "Белсенді ұзақ өмір сүру" орталығы ашылды

Қызылордада "Белсенді ұзақ өмір сүру" орталығы ашылды

Бүгін «Достық үйінде» белсенді ұзақ өмір сүруге бағытталған орталық ашылды. Соңғы жылдары ғылыми-техникалық прогрес жетістіктері адам өмірінің орташа ұзақтығын арттырғаны белгілі. Айталық, еліміз бойынша тәуелсіздік жылдарының ішінде бұл көрсеткіш 65-тен 72,5 жасқа жеткен. Көпті көріп, ұзақ жасаудың сыры – белсенді өмір сүруде. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесіп қолға алынған шара осы мақсатты көздейді. Орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов қатысты.

– Еліміздегі ең басты міндеттердің бірі – әлеуметтік бағдарланған қоғам құру. Осы мақсатта нақты жұмыстар жүзеге асып, жаңа жетістіктерге қол жеткіздік. Елбасы тапсырмасына сәйкес 2020 жылға дейін еліміз бойынша орташа өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа жеткізу жөнінде нақты меже қойылған. Бұл меже облыста да тұрақты индикаторларға сәйкес орындалып келеді. Біз ардагерлерді ардақтап, олардың тәуелсіздікке дейінгі атқарған жұмыстарын құрметтейміз. Бүгінде аға буын мен жастар арасында ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруға айрықша зер салынуда, - деді Руслан Рүстемұлы.
Ал «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев орталық жұмысы қазіргі қоғамда «белсенді қарттықтың моделін» қалыптастыратынын атап өтіп, ардагерлерді қолдауға бағытталаған жұмыстарға тоқталды. Жаңа орталықта салауатты өмір салтын қалыптастыру, ІТ, психология, құқық және медиация секциясы, «Conversation Club» әңгімелесу және тіл үйрену, менторлар клубы жұмыс істейді. Зейнеткерлердің денсаулығын нығайту мақсатында облыс орталығындағы «Евразия», «Сейхун» спорттық сауықтыру кешендерімен және Жалаңтөс Бахадүр атындағы №1 облыстық мамандандарылған олимпиадалық резерв мектебімен келісім жасалған. Зейнеткерлер енді «Ардегерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында аталған орындарда тегін, тұрақты түрде спортпен айнылысуға мүмкіндік алды.
Салтанатты шарадан соң ардагерлер ІТ технологияға арналған семинарға қатысты.

Айдана ЖҰМАДИНОВА, 
«Сыр бойы».
06 ақпан 2019 ж. 1 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 292
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031