» » Гауһар Әлімбекова түрмеден босап шықты

Гауһар Әлімбекова түрмеден босап шықты

Алты жылға темір торға тоғытылған танымал әнші Гауһар Әлімбекова сот шешімі күшіне енетін уақытқа дейін қолхатпен босатылды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлайды.

"Алмалы аудандық соты Әлімбекованың адвокатының оны қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы заңды күшіне енгенше қолхатпен босату туралы өтінішін қанағаттандырды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың"алаяқтық" бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылғаны белгілі болды.

Осыдан кейін журналист Бибігүл Дәулетбекқызы көпшілікке әншінің құрбысына қарыз болған 40 мың АҚШ долларын жинап беруді ұсынды.

Отандық өнер иелері де журналистің сөзіне қолдау білдіріп, Гауһар Әлімбековаға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Ал Гауһардың ағасы Әділхан Әлімбеков қолдау көрсеткен барша жұртқа алғысын білдіріп, оқиғаның мән-жайын өзі баяндады.




















05 ақпан 2019 ж. 887 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 276
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 808

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930