» » Қазақстанға көктем кеш келеді - "Қазгидромет"

Қазақстанға көктем кеш келеді - "Қазгидромет"


Синоптиктердің мәліметінше, биыл Қазақстанға көктем кешігіп келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ҚазАқпарат тілшісінің ресми сауалына берген жауабында мәлім етті.

 «Ұзақ мерзімді болжамдарға сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігіне көктем кешігіп келетіні күтілуде. Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде көктем жыл сайынғы мерзімінде жетеді. Дегенмен, кей күндер аязды болуы мүмкін», - делінген хабарламада. Бір айдағы орташа температура республиканың солтүстік бөлігінде климаттық нормаға жуық болады, ал батыс пен оңтүстікте нормадан 1 градус жоғары. Наурызда бүкіл Қазақстан аумағында күн жауын-шашынды болады, тек батыс өңірлерде - нормаға жуық немесе одан аздау. Бұдан бөлек, синоптиктер ақпан айындағы ауа райы болжамы туралы да айтты.

«Алғашқы он күнде фронталды бөліктердің жиі ығысуымен елдің барлық дерлік аумағында ауа райы бұзылатыны күтілуде: солтүстік бөліктерде - жауын-шашын (кей жерлерде қатты жауады), 15-25 м/с дейінгі екпінді жел мен бұрқасын, оңтүстік өңірлерде тұман мен көктайғақ болады. Алғашқы онкүндіктің орта тұсында Батыс Сібірден келетін суық антициклон батыстан шығысқа қарай ығыса отырып, ауа температурасының төмендеуіне алып келеді: республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде 20-30 градус аяз, күндіз 15-23 градуз аяз болжанады. Елдің солтүстігінде, орталығы мен шығысында түнде 33-43 градус, күндіз 25-33 градус, оңтүстік пен оңтүстік-шығысында түнде 18-28 градус, күндіз 5-15 градус аяз күтіледі», - деп атап өтті синоптиктер. Ұзақмерзімді болжамдарға сәйкес, ақпан айының қалған жиырма күнінде антициклонның ықпалымен суық ауа райы басым болады. Жауын-шашын аз түседі, тек жекелеген уақытта бұлтты және жауын-шашынды күн болжанады.

«Нәтижесінде, ақпанда ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градус төмен болады, тек батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде - климаттық нормаға жуық. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының көп бөлігінде, Қостанай, Қызылорда, жекелеген жерлерде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында бір айдағы жауын-шашын көлемі нормадан төмен болады, республиканың қалған бөлігінде - нормаға жуық немесе одан жоғары», - деді «Қазгидрометтен».

syrboyi.kz


03 ақпан 2019 ж. 1 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031