» » 2019 жылы технология саласын қандай жаңалықтар күтіп тұр?

2019 жылы технология саласын қандай жаңалықтар күтіп тұр?

Болжам бойынша, биыл технология мен ғарыш әлемін үлкен жаңалықтар күтіп тұр. Жүргізушісіз такси... ұшатын машиналар және аспаннан тарайтын интернет... Бір кездері қиял болған жаңалықтар шындыққа айнала бастаған секілді. Ендеше ғылым мен техника әлеміндегі 2019 жылдан күтетін басты оқиғалар тізбегін жасап көрейік.


Жеке ғарыш айлағы
Айды зерттеу бойынша 2019 жылға көптеген шара жоспарланған. Зерттеумен айналысатындардың қатарында Қытай, Үндістан және Израиль бар. Тіпті, олардың бірі межелі орынға жетіп қойған.
3 қаңтарда Chang’e-4 қытайлық зерттеу платформасы Yutu-2  луноходымен бірге Айдың арғы бетіне қонып, тарихи оқиға жасады.
Енді олардың алдында мынадай міндеттер тұр: жерді суретке түсіру, топырақты зерттеу, радиоастрономиялық бақылау жүргізудің перспективаларын бағалау, сондай-ақ мұнда әлсіз тартылыс жағдайында жерден әкелінген тұйық экожүйенің дамуын қадағалау.
Демек, бізді бұл миссияның барысы мен оның нәтижесі туралы көптеген қызықты жаңалық күтіп тұр, олардың әрқайсысы «алғаш рет Айдың арғы бетінен» деген  белгімен ерекшеленетін болады.
Бір таңқаларлығы , Қытай мұнымен тоқтап қалмайды. Желтоқсан айында Chang'e-5 жаңа стансасы Айға бағытталатын болады, оның мақсаты — топырақ пен минералдардың үлгілерін жинап, Жерге жіберу. Бұл, әрине, тарихтағы алғашқы оқиға емес, бірақ мұндай шаралар өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасынан бері өткізілген жоқ.
Үндістердің ағымдағы онжылдықтың басынан бастап Chandrayaan-2 планетааралық стансасын іске қосуға арналған жоспары да көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. Миссия шеңберінде олар айға орбиталық және қону модульдерін, луноход жеткізуді жоспарлайды. Жоба іске асырылғанда, Үндістанның ғарыш аппараты Жердің табиғи серігіне жеңіл қонатын төртінші ел болады.
Алайда, Үндістан бұл жетістікке жетуде Израильге жол бермек. Spaceil жергілікті стартапы әзірлеген Beresheet қону аппараты ақпан айында іске қосылуы тиіс. Айдың магнит өрісін зерттеуден басқа оның міндеттері тізіміне Израиль жалауын орнату кіреді.
Өткен жылы NASA бірнеше ғарыш аппараттарын іске қосты, енді олардың зерттеу нәтижелерін күтіп отыр.
Шығыс Жерге жақын аспан денесін зерттеуге дайындалып жатса, еуропалықтар Күн жүйесінің айналасын зерттеп көрмек. Қазан-қараша айларында ESA экзопланетті зерттеуге арналған жаңа Cheops ғарыш телескопын іске қосады. Астрономдар Cheops-ты «өз әлемі бар» Жұлдыздарға бағыттайтын болады, ал телескоптан алынған деректер ғалымдарға олардың құрамы туралы нақты қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Марстың қыр-сырын ашуға дайын InSight зерттеу стансасы және Parker Solar Probe зонды ағымдағы жылы Күнге жоспарлы түрде екі мәрте жақындауды көздеген.
Айтпақшы, оған NASA-ның өзі де жақындауды жоспарлаған. Америкалық ғарыш агенттігі ХҒС-ға өз ғарышкерлерін жеткізу құқығын алуға жақын қалды, осыған дейін мұнымен тек «Роскосмос» айналысқан.
Негізінен, бұл саладағы барлық мүмкіндіктер SpaceX-те болып шықты. Ақпан айында Илон Масктің компаниясы Crew Dragon ғарыш кемесін ұшуға жібереді. Ол Халықаралық ғарыш стансасына жетіп, онда бірнеше апта өткізіп, Жерге оралу керек.
Boeing-тің осыған ұқсас жобалары бар, бірақ қарсыластарынан сәл артта қалып келеді. Оның CST-100 Starliner ғарыш кемесі наурыз айында экипажсыз және тамызда экипажбен  ұшуы тиіс.
Негізі, SpaceX-те ХҒС-қа саяхат жасаудан да басқа жоспарлар бар. Осы жылы олар аса ауыр Falcon Heavy зымыран-тасығышын ұшырып, сондай-ақ болашақта адамды Марсқа жеткізуге тиіс ғарыш кемесі-Starship прототипін алғаш рет ұшыруды белгілеген. Starship-ті сынақтан өткізу көктемде басталады.

Жүргізушісіз такси немесе ұшатын автокөлік?
Жаңа жыл дербес автомобильдерді дамытуда маңызды кезең болмақ. Өткен жылдың соңында әлемдегі алғашқы жүргізушісіз таксидің коммерциялық қызметін іске қосқан Waymo компаниясы осы жолда үлкен қадам жасады. Оны бұған дейін жабық тестілеу бағдарламасына қатысқан, Финикс (Аризона) маңында тұратын жүздеген адам пайдалана алады, ал көлікте келеңсіз жағдайлар туа қалған жағдайда оларды басқаруға дайын жүргізушілер отырады. Айта кететін жайт, Waymo автомобильдері тест-алаңдарда емес, трафигі нақты көшелерде, салондағы жолаушылармен өздігінен қозғалады. Қалай дегенмен де, бұл – бүгінгі күні технология үшін үлкен серпіліс. Технологияның қателігі біреудің денсаулығы немесе өміріне қатер төндіруі мүмкін, сондықтан Waymo әзірше асығыстық танытпай отыр.
2019 жылы General Motors жүргізушісіз таксидің қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. Ол Сан-Францискода іске қосылуы мүмкін, бірақ Waymo-мен салыстырғанда ауқымы жағынан кішірек.
Нарықта осы бағытта жұмыс істеп жүрген Ford және Uber сияқты басқа да ірі ойыншылар бар, әрине. Алайда, ағымдағы жылы олардан тек сынақ барысы туралы жаңалықтарды күтуге болады. Ford әзірге сервисті іске қосуға асығар емес, ол бұл жұмысты 2021 жылы жүзеге асырмақ ниетте. Ал екінші компания алдыңғы жылғы болған апаттан кейін сәл есеңгіреп, әзірге тек тестен өткізуге дайындалуда.
Volkswagen болса, осы жылы Intel-мен бірлесіп Израильде автономды такси қызметін құруды жоспарлап отыр. Алайда бұл жобаның бастамасы ғана, оны іске асыру келесі онжылдықтың еншісінде.
Қазіргі оқитын жаңалығыңыз сізге фантастика болып көрінуі мүмкін, бірақ ұшатын автокөліктер 2019 жылы шын мәнінде пайда болады. Мұндай мүмкіндікті америкалық Terrafugia компаниясы уәде етіп отыр. Ол ұшатын машиналарды әзірлеу жұмыстарымен айналысады, нәтижесінде ол жерде ғана емес, ауа арқылы да қозғала алатын, жиналмалы қанаттары бар ұшаққа ұқсас Transition көлік құралын жасап шығарған. Оның үстіне, бұл компанияның құқығын Жол қозғалысының қауіпсіздігі ұлттық басқармасы (NHTSA) мен АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) растаған.
Ағымдағы онжылдықтың басынан бері Terrafugia Transition-нің нарыққа шығуын бірнеше рет кейінге қалдырды, бірақ қазір оны  Zhejiang Geely Holding Group қытай компаниясы қаржыландырады, яғни уәденің орындалуына толық негіз бар деген сөз.
10 жыл ішінде Google ұшқышсыз автокөліктері 16 млн киллометрді тестілеуден өткізді.

5G дәуірі
Бұл жыл әлемді ұялы байланыс технологиясының бесінші кезеңі – 5G дәуірімен таныстырады. Алайда оның таралу процесі ұзаққа созылады.
«5G-ді енгізу біршама уақытты талап етеді. Ал мобильді инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстары әрі қарай жалғаса береді, себебі «бар нәрсемен» жұмыс істеу емес, жаңа дүниелерді ойлап табуымыз керек», — деді World Wide Technology компаниясының желілік шешімдер бағытының жетекшісі Нил Андерсон.
АҚШ, Еуропа және Қытайдың ірі операторлары 5G-ді ағымдағы жылы енгізу жоспарын белгілеп қойды. Ал Украинаға бұл технологияның келуі – алдағы 365 күндіктің емес, шамамен бесжылдық мәселесі.
Бір елдер интернеттің жылдамдығын арттырумен әлек болып жатса, ал біреулері оған жалпы қол жеткізудің амалдарын жасап бағуда. Web Foundation ұйымының мәлімдеуінше, әлемдегі  3,8 млрд адам интернетке қол жеткізе алмай отыр. Биыл осы мәселені шешу жолында бірнеше жобалар іске асырылады. Осы мақсатта Кенияда Loon шарлары ұшырылады. Бұл – Waymo сияқты Google-дің жобаларының бірі. Ол интернет таратуға арналған шарларды жасап шығарумен айналысады және жақында Кенияда алғашқы коммерциялық жобасын іске асырмақ. Егер бәрі ойдағыдай болса,  Loon африкалық елдердің орталық бөлігін Интернетпен қамтамасыз етеді.
Жалпы, әлемді интернетпен қамтамасыз етуге тек Google ғана емес, SpaceX те ниетті. Бірақ Илон Масктің компаниясы тек бір ауданның ғана мәселесін емес, кең ауқымды қамтуды жоспарлауда. SpaceX компаниясы Starlink жобасы аясында Жерді жаһандық интернетпен қамтамасыз етуді жер серіктер желісімен жүзе асырмақ. Қазіргі уақытта SpaceX сынақтан өткізуге екі жерсерікті іске қосқан. Дегенмен жақын арада Starlink-тен бұдан да ірі жобалар туралы жақсы жаңалықтар естуіміз әбден мүмкін. 

Қарлығаш ҚҰРАМЫС,
«Egemen Qazaqstan»


01 ақпан 2019 ж. 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 092

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031