» » NASA Марсқа Insight аппаратын ұшырды

NASA Марсқа Insight аппаратын ұшырды

Ғарыш кеңістігін зерттеумен айналысатын Американың Ұлттық басқармасы NASA Марс планетасына жаңа аппарат жөнелтті. Insight деп аталатын құрылғының басты мақсаты – қызыл планетаны зерттеу. Аппаратты Калифорниядағы «Ванденберг» әскери әуе базасынан «Атлас» зымыраны алып ұшты. Ол қараша айының соңғы күндері Марсқа қонады деп күтілуде. Зерттеу бағдарламасы қызыл планета уақытымен бір жылға жоспарланған. Жердегі уақыт белдеуі бойынша ол екі жылға немесе одан көп уақытқа созылуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, аппарат Марстың тектоникалық белсенділігін зерттейді. Айта кетейік, NASA бұған дейін де Марсқа осындай аппарат ұшырған. Бірақ ол кезде қызыл планетаның сейсмикалық белсенділігін анықтау мүмкін болмады. Өйткені өлшем құрылғылары аппараттың ішінде болған. Ал бұл жолы құрылғылар Марс топырағымен түйіседі. Insight аппаратының бұрынғысынан ерекшелігі де осында.

06 мамыр 2018 ж. 1 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 067
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031