» » Вади-Рам шөл даласында «Жердегі Марс ғаламшары» ашылмақ

Вади-Рам шөл даласында «Жердегі Марс ғаламшары» ашылмақ

1962 жылы «Лоуренс Аравийский» фильмі түсірілген Иорданиядағы Вади-Рам шөл даласы ерекше табиғатымен әлемге белгілі. Қып-қызыл құмы бар үлкен шөл дала көптеген режиссер мен продюсердің көзіне түсіп, фильмдерге арқау болған. Енді бұл жерде «Жердегі Марс ғаламшары» ашылмақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі СNN басылымына сілтеме жасап.

Вади-Рам шөлінде ашылған «Жердегі Марс ғаламшары» шатырларын өткен айда SpaceX бас директоры Илон Маск тамашалап, инстаграм желісі арқылы көпшілікке таныстырған болатын. Ридли Скоттың 2015 жылы Оскарға ұсынылған «Марсианин» фильмі осы жерде түсіріліп, 20 футуристік шатыр Сан-Сити лагерінде қалып қойған. Сондықтан Марсқа сапар шеккісі келгендерге алдымен Вади-Рам баруға болады.
Марсиандық шатырлар ғарыштағы кемелерді елестетеді. Оның қабырғасы шыныдан жасалған. Сондықтан шатырға қоныстанып, қоршаған табиғатты тамашалауға болады.
Германияда арнайы тапсырыспен жасалған шатырлар 40 шаршы метрге жалғасқан, оның әрқайсысына 4 адам сияды. Вади-Рамға демалушыларға бұрын-соңды берілмеген мүмкіндіктер – кондиционер мен жекеменшік террасалар осы шатырларға орналастырылған. Вади-Рам табиғатының бір ерекшелігі – түндегі тыныштық пен аспандағы үлкен жұлдыздарды көру үшін әлемнің әр түкпірінен аталған шатырларға жиналушылар көп.

Baq.kz

20 сәуір 2018 ж. 1 847 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 260

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728