» » Францияда оқитын қазақстандық студент ертегілерге негізделген мультфильм шығармақ

Францияда оқитын қазақстандық студент ертегілерге негізделген мультфильм шығармақ



Қазақстандық студент Доминика Қыдырбаева Францияның әйгілі анимация мектебінің бірінде оқиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болашақ мультипликатор алдағы уақытта қазақ эпостары мен ертегілеріне негізделген толықметражды мультфильм шығармақ ниетте. Жас маман қазірден бастап бұл ісін қолдайтын осы салада пікірлес адамдарды іздестіруге кірісті.

Доминика – бұл ателье-мектебінде оқыған алғашқы қазақстандық студент. Болашақ маман елімізде сирек кездесетін мультипликатор мамандығын таңдаған. Доминика оқуын аяқтағаннан кейін өзінің кәсіби шеберлігін әлемдік компаниялармен байланыстырмайтынын айтады. Керісінше, шетелде тәжірибе жинап, сапалы отандық мультфильмдерді шығармақ ниетте.  

Доминика Қыдырбаева, анимация мектебінің студенті:

– Өкінішке орай бұл сала Қазақстанда мүлдем дамымаған. Алайда анимация мен мультипликацияға қызығушылық танытатын жастар көп екенін білемін. Олар көбінесе фильмдер шығарып, өздерінің жеке жобаларымен айналысқысы келеді.

Доминика Қазақстандағы Елбасымыздың жариялаған Жастар жылы осы саланың дамуына септігін тигізеді деп үміттенеді. Анимация мектебінің негізін қалаушы Тома Дебюс те сондай пікірде. Диснейдің бұрынғы мультипликаторының ойынша, балаларға адами құндылықты мультфильм арқылы да жеткізуге болады.

Тома Дебитюс, 2D-анимация тәуелсіз ателье-мектебінің директоры:

– Анимация – бұл фундамент. Барлық балалар да мульфильм көреді. Оларға адами құндылықтарды мультфильмдердегі кейіпкерлер арқылы жеткізуге болады. Сондықтан өз ісінің шеберлерін ғана емес, мәдениеті жоғары мамандарды тәрбиелеп жатырмыз.

Тарзан, Куско, Нотр-Дам бүкірінің кейіпкерлерін дайындаған ұстаздар бүгінгі жастардың анимация саласында әлемдік шедеврге айналатын жаңа кейіпкерлерді шығаратынына бек сенімді. Бәлкім, олардың арасында Томирис пен Алдар көсені де кездестіретін боламыз.

Авторлары: Алия Сыздыкова, Бекман Тепсаев

24 қаңтар 2019 ж. 685 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031