» » Лондонда қазақстандық студенттерге арналған жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Лондонда қазақстандық студенттерге арналған жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

  • Лондонда қазақстандық студенттерге арналған жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті «Астана» халықаралық қаржы орталығы Ұлыбритания жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан студенттер арасынан жас таланттарды іздейді.
Осы орайда қаржы орталығы жанындағы Үзіліссіз кәсіби даму бюросының қызметкерлері студенттерге мансапқа жетудің мүмкіндіктері мен келешегі туралы түсіндірді.  
Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі ұйымдастырған жұмыс орындар жәрмеңкесіне «Болашақ» бағдарламасы бойынша және өз бетімен оқып жатқан жүзден аса қазақстандық студент қатысты. Олардың барлығы да Біріккен Корольдіктің жетекші оқу орындары: Оксфорд және Кембридж университеттері, Лондон экономика мектебі, Ливерпуль, Манчестер университеттерінің студенттері. Қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов арбитраж орталығы және қаржы биржасы сияқты құрылымдарға білікті мамандар таңдаудың маңыздылығын атап өтті. Өйткені Орталықты Еуразия кеңістігінде қаржылық хаб ретінде қалыптастыру тек мықты кәсіпқойлардың қолынан келеді.
Арман Шоқпаров, «Астана» ХҚО мансап орталығының басшысы: 
- Бізге кім керек? Қаржы орталығы болғандықтан негізінен қаржы, құқықтану, экономика, стратегия және даму бағытында білім алған студенттерді қарастырамыз. Халықаралық қаржы орталық болғандықтан ағылшын құқығын қолданамыз. Алаңымыздың ресми тілі – ағылшын тілі. Сондықтан Ұлыбританияда оқуын аяқтап жатқан студенттер біз үшін ең лайық үміткер саналады. 
Қаржы орталығы жанындағы Үзіліссіз кәсіби даму бюросының қызметкерлері мамандануы және жұмыс тәжірибесі жағынан талаптарына сай келетін студент-магистранттармен және келешек ғылым докторларымен бірқатар сұхбаттар жүргізді.
Ерлан Қайруллаев, Брунель университетінің студенті:
- Мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығында жұмыс істегім келеді. Осы қаржы орталығының дамуына зор үлесімді қосқым келеді. Өйткені мен халықаралық мамандармен, шетелдік мамандармен тығыз жұмыс істегенмін. Және қаржы орталығының дамуына осы тәжірибемді пайдаланғым келеді. 
Нәтижесінде құрылымдық бөлімдерге қажетті үміткерлер пулы жасақталды. Еңбек өтілі 7 жылдан асатын кәсіпқойлар таңдалып алынды. Арасында халықаралық сертификат иелері де бар. Сондай-ақ қаржы орталығы жас мамандарының қатарын толықтыратын студент-магистранттар да таңдалды. 
24kz.


08 мамыр 2018 ж. 1 050 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930