» » "ЖАСТАР ЖЫЛЫ": Не күтеміз?

"ЖАСТАР ЖЫЛЫ": Не күтеміз?

2016 жылдың қараша айынан бастап «Қармақшы аудан­дық жастар ресурстық орталығы» коммунал­дық мемлекеттік мекемесі құрылып, өз қызметін бастап, жастар ұйымдарының жұмысына серпін берді. Бүгінде орталықта 6 қызметкер жұмыс істейді. Жастар саясатын дамытуға жалпы 9 млн. 57 мың теңге қаржы бөлінген.Ауданда 14-29 жас аралы­ғын­дағы 12342 жас тіркелген. Жалпы жастар өңірдегі халықтың 22,8 пайызын құрайды. Сондай-ақ, жұмыссыздар қатарында 395 жас болса, оның ішінде еш жерде тіркелмеген NEET санатындағы жас 112-ні құрап отыр. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,2 пайыз.

Осы жыл жастар үшін серпіліске толы болды. Мәселен, NEET және осал топтардағы жастармен жұмыс жасау, нысаналы топтармен адресті жұмыстарды күшейту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде, 22 спорттық шара, 30 акция, 100-ге жуық кездесу, 27 рейд, 9 экскурсия өткізіліп, оған 7000-ға жуық жастар тартылған.
Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жыл­дарға арналған бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқыған 107 азаматтың 35-і жас буын. Бүгінде 9 жас несие алып өз кәсібін жүргізуде. Ал, «Жастар корпусын дамыту» жобасы бойынша ауданнан 27 жоба ұсынылып, 13 жоба жеңімпаз болған. Жалпы, 13 жобаға 42 жас қатысуда.
Сонымен қатар, биыл «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 54 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 183,3 млн.теңге несие берілген. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен жалпы 14 млн.94 теңге бөлініп, оның 5 млн.37 мың теңге қаржысына төрт әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.
Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылға үміт көп. «Жастар жылын» кең көлемде атап өтуге аудандық кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген. Мәселен, «Қармақшы – жалынды жастар мекені» жобасы жүзеге асырылады. Жобада әр айға арнайы атау беріліп, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен турнирлер, фестивальдер ұйымдастырылады. Аудан арасында жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған «КОВОРКИНГ» орталықтары ашылған болатын. Ал, келер жылы осындай бес орталықты ашу жоспарда бар. Сондай-ақ, «Прогресс» аудандық дебат үйірмесінің жұмысы үйлестіріліп, аудандық, облыстық, республикалық турнирлер мен арнайы аудан әкімінің кубогі үшін байқау болады. Одан бөлек, «DRIVE» аудандық көңілді тапқырлар үйірмесінің жұмысы бастау алады. Лига жасақталып, аудан әкімінің кубогі үшін сайыстар өтеді.
Сондай-ақ, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы құрылса, киелі Қорқыт елінің қыр-сырын жас­тар арасында насихаттауда, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыруда «Жиһанкез» жас өлкетанушылар қозғалысы барлық кент және ауылдық округте жұмысын бастайды.
Кәсіпкер боламын деуші жастар үшін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Бизнес-старт» бизнес-инкубатор орталығымен «Стартап-Бизнес» инкубаторы өз жұмысын бастайды. Бизнес идеялар байқауы мен жәрмеңкелер ұйымдастырылып, ауданның жас кәсіпкерлерінің форумымен қорытындыланады.
Ұлттық кодты сақтай отырып төртінші өнеркәсіптік революцияға жастарымызды дайындауда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Робототехника» үйірмелері өз жұмысын ауылдық елді-мекендерде қолға алады. Сондай-ақ, «Ой DAY» об­лыстық ІТ және робототехника байқауын өткізеді.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
23 қаңтар 2019 ж. 1 810 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 03:30
Levitra Apothekenpflichtig Viagra For Sale Online Florida Acquisto Kamagra viagra prescription Amoxicillin Dreams Viagra Vente Quebec Will Cephalexin Heal Tooth Infection

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 329

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 419

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930