» » Қазақстандық алты жасар балаға әлемдегі ең қиын жүрек операциясы жасалды

Қазақстандық алты жасар балаға әлемдегі ең қиын жүрек операциясы жасалды

Алматыдағы Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығында Росс операциясы жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемдегі ең қиын жүрек операциясын алты жасар балаға жасауды Ресейден келген танымал кардиохирург Александр Караськов өз жауапкершілігіне алған. Өйткені Росс операциясының басты ерекшелігі – жүректің қолқасындағы зақымдалған тамыр алынып, орнына оң жақ қарыншадағы өкпеге кететін күре тамыр қойылады. Ал өкпені қанмен қамтамасыз ететін оң жақ қарыншаға жасанды тамыр салынады. Сала мамандарының айтуынша, бұл жүректі ауыстыру операциясынан бірнеше есе күрделі. Екі күнге созылатын ауқымды шара аясында отандық және шетелдік мамандар жас хирургтерге шеберлік сабағын өткізеді. Оған қоса, жүзден аса білікті сала маманы шақырылған халықаралық конференция өткізілмек. Айта кетейік, елімізде жүрекке операция жасалғанына биыл 60 жыл толды. Осы уақыт аралығында отандық кардиохирургтер 30 мыңнан астам операция жасаған.

Болатбек Баймаханов, А.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығының директоры:

– Бұл трансплантация, жүректі ауыстыру операциясынан да қиын, күрделі. Жалпы жүректің негізгі қан келетін бөлшегін алып, басқа орынға тігіп, бүкіл тамырларды қайта тігу. Ол кардиохирургиядағы ең деңгейі жоғары, қиын операция болып саналады.

18 қаңтар 2019 ж. 1 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930