» » АЛМАТЫДА ІРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ

АЛМАТЫДА ІРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ

Алматыда таяу арадағы үш жыл ішінде бірқатар ірі медициналық нысандар салу жоспарлануда, олардың арасында жаңа онкологиялық орталық, қазақ-жапон диагностикалық орталығы, презентхана және халықаралық «Mount Sinai» госпиталі бар. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жаңа «Керуен-Medicus» медицина орталығында болғанда айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қала басшысы клиника ұжымымен кездесу барысында Орта Азия қалалары арасында Алматының «Саламатты қалалар» Бүкіләлемдік ұйымы жүйесіне алғашқылардың бірі болып енгенін және медициналық туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті. Тек 2017 жылдың өзінде ғана 2 мыңнан астам шетелдік азаматтар мен еліміздің өзге өңірлерінен келген 270 мың адамға медициналық қызмет көрсетілген. Ал бұл өз кезегінде қала бюджетіне 240 млн теңгеден астам кіріс әкелген.
Ол өзінің сөзінде медициналық қызмет сапасын арттырып қана қоймай, денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізіп, одан әрі дамытудың барынша маңызды екенін де айтты Сырқаттың алдын алуға жете назар аударылуы тиіс. Демек, диагностиканы ерте қою мен салауатты өмір салтын дамыту қажет.
«Шын мәнісінде денсаулық сақтау қаланың экожүйесінен бастау алады, сондықтан біз экология мәселелері мен «Қала адамдар үшін» концепциясына ерекше назар аударамыз, жаяу жүргінші аймақтарын, саябақтар мен скверлерді жасауға, экологиялық қоғамдық көлікті енгізуге, Алматы аулаларын жаңартуға, балалар және спорт алаңдарын салуға жете мән береміз. Қазіргі кезде ТЭЦ-1 модернизациялануда және ТЭЦ-2 газға көшіру үшін болжам бойынша ТЭО жасалуда. Жыл аяғына дейін жеке сектор толық газдандырылуы тиіс», - деді Бауыржан Байбек.
Айта кетерлігі, соңғы 2 жыл ішінде медицина мекемелерін жарақтандыру деңгейі 75%-ға жетті, осының арқасында қызмет көрсету сапасы артып, нақтылы диагноз қойылып, сырқат түрі ерте анықталатын болды. Қалалық денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру барысында әр пациенттің электронды денсаулық паспортын енгізу, кем дегенде 35 жылжымалы модульді кешен арқасында орталықтандыруды іске асыру және Smart технологияны пайдаланып медициналық көмек сапасын арттыру жоспарланған.
Заманауи технологияларды тиімді қолдану арқасында жаңа «Керуен-Medicus» клиникасында 3D-форматында күрделі операциялар жасауға мүмкіндік туды. Бұдан өзге, корейлік «Severance Hospital» және немістің «Freiburg University Klinik» клиникаларымен ынтымақтастық және кадрлар даярлау жөнінде өзара келісімге қол қойылған.
«Мен Қазақстандағы медицинаның дамуы - Европа мен Америкадан кем түспейтін ерекше модель екенін айтқым келеді. Бүгін клиниканы аралап шықтым, арнайы электронды карта жасау үшін тіркелуден бастап барлық шаралардың өте тиімді әрі бүгінге заманға лайық екенін көрдім. Диагностика мен терапия үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Сонықтан бұл клиниканың Қазақстанның басқа ауруханалары үшін үлгі болатындығына мен сенімдімін», - деп атап өтті профессор, Фрайбург қаласындағы университет клиникасының деканы Хьюберт Блюм.

28 қаңтар 2018 ж. 1 033 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031