» » ЖЫЛ ЖЕТІСТІГІ

ЖЫЛ ЖЕТІСТІГІ

Бірнеше жылдан бері қаузалып келе жатқан сағат белдеуі мәселесі биыл шешімін тапты. Сыр халқы үшін бұл – зор жетістік. Ел мерейін үстем еткен жаңалықты «Жыл жетістігі» деп атауды жөн көрдік. Жыл соңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бұл түйткіл тұрғысында Қызылорда халқына Үндеуін жариялады.


– Білім және ғылым министрлігінің Адам және жануарлар физиологиясы институтының ақпараты бойынша уақыт белдеуін өзгерту Қызылорда облысы тұрғындарының, әсіресе балалардың денсаулығына әсер ететін физиологиялық ауытқуды жоюға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Энергетика, Ішкі істер, Инвестициялар және даму министрліктері Қызылорда облысындағы уақыт белдеуін өзгерту ұсынысын толық  қолдады, бұл мәселенің экономикалық шығындарға әкелмейтіні белгілі, – деген Қ.Көшербаев облыс әкімдігінің ұсынысының Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тауып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы қабылданғанын жеткізді.

Фесенков атындағы астрофизика институты ғалымдарының зерттеуінше, Қызылорда облысы 59° және 68°С ендікте орналасқан. Бұл төртінші сағаттық белдеуге жатады. Бұл белдеудің Астана уақытымен бір сағат айырмашылығы бар. Сағат белдеуінің дұрыс қалыпқа енуіне бірнеше жылдан бері табанды еңбек етіп келген қоғам белсендісі Болат Нұрқожаевтың қомақты үлесі бар екенін атап өткен жөн.
04 қаңтар 2019 ж. 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728