» » Қызылорда жұртшылығы Жаңа жылды биыл жаңа уақыт бойынша қарсы алды

Қызылорда жұртшылығы Жаңа жылды биыл жаңа уақыт бойынша қарсы алды



Қызылорда жұртшылығы биыл Жаңа жылды жаңа уақыт бойынша қарсы алды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Сыр жұртшылығы желтоқсанның 20-нан 21-не қараған күні 5-ші уақыт белдеуінен 4-ші уақыт белдеуіне көшті. Осының нәтижесінде Қызылорда облысында сағат тілі бұрынғы уақытынан бір сағат кейінге шегерілді.
Сыр өңіріндегі уақыт белдеуін бір сағат кейінге өзгерту туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеме жасады.

Облыс әкімінің айтуынша, уақытты есептеу тәртібін өзгертудің орындылығы туралы мәселе бейінді институттар мен мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдары ескеріле отырып зерделенгені айтылды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов осыған орай баспасөз мәслихатында: «Сыр өңірінде табиғи биологиялық уақыттан ауытқушылық мәселесі соңғы 10 жыл бедерінде жиі көтеріліп келді. Түрлі ғылыми-зерттеу институттары да өмір сүру ритмінің бұзылуы тұрғындардың денсаулығына теріс әсер ететінін растады. Облыста уақытты өзгертуге байланысты тұрғындар арасында арнайы сауалнама жүргізіліп, оған қатысушылардың 70 проценті уақыт белдеуін өзгерту қажет деген пікір білдірген», - деп атап өткен еді.


01 қаңтар 2019 ж. 1 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 529
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 328

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031