» » БІР САҒАТ КЕРІ ЖЫЛЖИДЫ

БІР САҒАТ КЕРІ ЖЫЛЖИДЫ

Бірнеше жылдан бері қаузалып жүрген уақыт белдеуі мәселесі шешімін тапты. Бұл туралы таяуда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда халқына үндеуінде мәлім етті.


– Білім және ғылым министрлігінің Адам және жануарлар физиологиясы институтының ақпараты бойынша уақыт белдеуін өзгерту Қызылорда облысы тұрғындарының, әсіресе балалардың денсаулығына әсер ететін физиологиялық ауытқуды жоюға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Энергетика, Ішкі істер, Инвестициялар және даму министрліктері Қызылорда облысындағы уақыт белдеуін өзгерту ұсынысын толық  қолдады, бұл мәселенің экономикалық шығындарға әкелмейтіні белгілі, – деген Қ.Көшербаев облыс әкімдігінің ұсынысы Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тауып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы қабылданғанын жеткізді.

Фесенков атындағы астрофизика институты ға­лымдарының зерттеуінше, Қызылорда облысы 59° және 68°С енділікте орналасқан. Бұл төртінші сағаттық белдеу­ге жатады. Бұл белдеудің Астана уақытымен бір сағат айырмашылығы бар.

Аймақ басшысы уақытты өзгерту арқылы электр энергиясын 4,2%-ға үнемдеуге болатынын атап өтті. Облыс әкімі мүмкіндікті пайдалана отырып, жұртшылықты тәуелсіздік мерекесімен құттықтады және бұқараны қашанда ауызбіршілік танытып, елдік мәселелердің қашан да назарда екенін білдірді.

Енді желтоқсанның 20-інен 21-сіне қараған түні сағат 00.00-де уақыт көшін бір сағат артқа жылжытатын болдық.


«ҚТ» ақпарат.
19 желтоқсан 2018 ж. 2 058 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031